ӘЛ-БИРУНИДІҢ «ҮНДІСТАН» ЕҢБЕГІНІҢ ОРЫСША АУДАРМАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ ДИАЛОГТАҒЫ ОРНЫ

0 0

Авторлар

  • Умида Құранбаева Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының Шығыстану институты

Кілт сөздер:

Әбу Райхан әл-Бируни; «Үндістан»; кеңестік шығыстану; индология; мәдениетаралық диалог; санскрит дереккөздері.

Аңдатпа

Мақалада Әбу Райхан әл-Бирунидің «Үндістан» еңбегінің орысша аудармасының Шығыс пен Батыс арасындағы мәдениетаралық диалог контекстіндегі орны, сондай-ақ ХХ ғасырдың екінші жартысында оны зерттеу мен кеңінен насихаттауда кеңестік және өзбек шығыстанушыларының атқарған рөлі қарастырылады. Әсіресе КСРО-да Бирунидің мерейтойлық даталарына — оның қайтыс болғанына 900 жыл және туғанына 1000 жыл толуына байланысты қалыптасқан ғылыми-мәдени ахуалға ерекше назар аударылады. Бұл даталар беруниетанудың дамуының маңызды кезеңдері болғаны көрсетіледі. Дәл осы кезеңде іргелі басылымдар мен зерттеулер, соның ішінде В. И. Беляевтің редакциясымен А. Б. Халидов пен Ю. Н. Завадовский жүзеге асырған «Үндістан» еңбегінің орысша аудармасы дайындалды.

Мақалада С. П. Толстов, И. Ю. Крачковский, П. Г. Булгаков, В. Г. Эрман, У. И. Каримов, И. М. Муминов, А. М. Беленицкий және А. Ахмедов сияқты ғалымдардың қосқан үлесі талданады. Олар «Үндістанды» тек тарихи-географиялық еңбек ретінде ғана емес, Үндістанның мәдениеті, ғылымы, діні мен философиясына арналған бірегей энциклопедия ретінде де қарастырды. «Үндістанның» аудармасы мен оған берілген ғылыми түсіндірмелер көне үнді өркениеті туралы білімді тереңдетуде және ислам әлемі мен Үндістан арасындағы мәдени байланыстарға объективті көзқарас қалыптастыруда шешуші рөл атқарғаны атап өтіледі. Нәтижесінде Бирунидің «Үндістаны» мәдениетаралық өзара ықпалдастық пен ғылыми толеранттылықтың көрнекті ескерткіші ретінде, қазіргі заманғы гуманитарлық білім үшін де өзектілігін сақтайды.

Автор өмірбаяны

Умида Құранбаева, Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының Шығыстану институты

Аға ғылыми қызметкер,
Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының
Шығыстану институты

Жүктеулер

Жарияланды

2026-04-08

Журналдың саны

Бөлім

Тарих