ТЕМІРЖОЛДЫҢ БҰҚАР ӘМІРЛІГІНІҢ ЭКОНОМИКАСЫНА ӘСЕРІ
4 7
Кілт сөздер:
темір жол; орыс қоныстары; Жаңа Бұхара; Жаңа Чарджоу; Жаңа Керкі; Жаңа Термез.Аңдатпа
Бұл мақалада Бұхара әмірлігіндегі темір жол құрылысының өнеркәсіптің дамуына әсері, әмірлік құрамындағы орыс ауылдарындағы өнеркәсіп кәсіпорындарының жағдайы, бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі әмірлік экономикасы мен Ресей империясындағы революциялық өзгерістер сияқты мәселелер қарастырылады. Сондай-ақ Бұхара әмірлігінің өнеркәсіптік дамуындағы темір жол инфрақұрылымының рөлі жан-жақты талданады. XIX ғасырдың аяғында Бұхараға темір жол салынуы әмірліктің шаруашылық жүйесін өзгертуде үлкен рөл атқарып, жаңа өнеркәсіптік кәсіпорындардың құрылуына және олардың одан әрі дамуын ынталандырды.
Бұхара темір жолының құрылысы Орта Азия темір жол желісін шығыс және оңтүстік-шығыс бағыттағы Бұхара желісімен байланыстырды. Бұл темір жол Ресей, Ауғанстан және Шығыс Бұхара нарықтары арасындағы ең қысқа және стратегиялық маңызды жолды көрсетіп, ішкі және сыртқы сауданы жеңілдеткен. Қағаннан Қарши арқылы Термезге ауған шекарасына жақын өтетін жол орыс-ауған және ағылшын-орыс қатынастарына әсер ететін фактор, сондай-ақ Ресейдің Таяу Шығыстағы геосаяси жағдайын нығайту құралы ретінде қарастырылды.
Оның үстіне мұрағат құжаттары мен тарихи әдебиеттерді салыстырмалы талдау негізінде бұл көлік жолы Бұхара әмірлігіне Красноводск және Каспий теңізі арқылы Кавказ бен Астрахань арқылы Еуропаға, сондай-ақ Ташкент-Орынбор бағытына жүк жеткізу мүмкіндігін бергені дәлелденді.