«FUTŪḤĀT-I SHĀHĪ» ДЕРЕККӨЗІ АРҚЫЛЫ ЕРТЕ СЕФЕВИЛЕР МЕМЛЕКЕТІНІҢ САЯСИ ТАРИХЫ
0 0
Кілт сөздер:
«Футуҳат-и шаһи»; Сефевидтер әулеті; Иран тарихы; тимуридтік тарихнамалық дәстүр; сефевидтік тарихнама.Аңдатпа
Бұл мақалада 1519–1520 жылдары Сұлтан Садриддин Ибрахим әл-Амини Херави жазған «Futūḥāt-i shāhī» тарихи еңбегі талданып, оның ерте Сефевилер мемлекетінің саяси тарихын зерттеудегі маңызы айқындалады. Автордың Тимуридтік Гераттың мәдени және ғылыми ортасында қалыптасуы, сондай-ақ кейін Шах Исмаил I сарайындағы қызметі арнайы қарастырылады. Еңбектің құрылымы екі негізгі бөлімнен — «Muqaddima» және «Fath» — тұратыны талданады. «Muqaddima» бөлімінде Сефевилер әулетінің билігін шиит имамдары арқылы және Пайғамбар Мұхаммедке дейін жалғасатын генеалогиялық тізбек негізінде діни тұрғыдан заңдастыру көрініс табады. Ал «Fath» бөлімінде Шах Исмаил I-дің әскери жорықтары, саяси билікті нығайту үдерісі, қарсыластары және мемлекеттік идеологияның қалыптасуы сипатталады. Сонымен қатар мақалада қолжазба дәстүрі, авторлық мәселесіне қатысты ғылыми пікірталастар және деректің тарихнамалық құндылығы қарастырылады. Риторикалық және мадақтау сипаттағы стиліне қарамастан, бұл еңбек XVI ғасырдың алғашқы ширегіндегі Иран мен Орталық Азиядағы саяси өзгерістерді зерттеуде маңызды тарихи дереккөз болып табылады. Сонымен бірге, еңбек діни легитимация мен саяси биліктің өзара байланысын терең түсінуге мүмкіндік береді. Бұл дерек саяси идеологияның қалыптасу эволюциясын және биліктің символдық негіздерін талдауда да маңызды рөл атқарады.