МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВТЫҢ ТҮРІКШІЛДІК КОНЦЕПЦИЯСЫНЫҢ ТАРИХИ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ӨЗЕГІ

0 0

Авторлар

Кілт сөздер:

Мағжан Жұмабаев, түрікшілдік идеясы, ұлтшылдық, поэзиясы, тарих психологиясы, ұлттық сана, рухани болмыс, ұлттық бірлік.

Аңдатпа

Бұл ғылыми мақалада ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының рухани ізденістеріндегі ерекше бағыт – М.Жұмабаевтың өлеңдері арқылы  түрікшілдік концепциясы тарихи-психологиялық, зерттеу тәсілдерімен қарастырылады. Зерттеу барысында ақынның түрікшілдік идеясының қалыптасуына ықпал еткен саяси, мәдени, әлеуметтік жағдайлар жіктеліп, тарихи идеологиялық ерекшеліктері анықталады. Мағжан шығармашылығында түркі халықтарының тарихи тамырластығы, рухани тұтастығы мен мәдени бірлігі идеяларының көрініс табуы, олардың ұлттық сана, тарихи жады мен азаттық идеясын нығайтудағы рөлі нақты талданады. Мақалада тарихи психологияның негізгі қағидаларына сүйене отырып, ақын тұлғасының рухани әлемі мен шығармашылық ой-өрісі тарихи әлеуметтік контекст негізінде талданады. М.Жұмабаевтың түрікшілдік концепциясы қазақ халқының жадын, рухани бірлігін және ұлттық психологиясын бейнелейтін, тұтас түркі өркениетінің идеялық-танымдық өзегін құрайтын тарихи-философиялық құбылыс ретінде қарастырылады. М.Жұмабаев поэзиясындағы түрікшілдік тұтастық идеясы тек этникалық бірлікті ғана емес, сонымен бірге өркениеттік және мәдени үндестікті бейнелейтін тарихи-психологиялық тұжырым негізінде талданды. Ақын мұрасындағы түрікшілдік ұстанымдары тарихи-психологиялық тұрғыдан талдау қазіргі түркі халықтарының ұлттық бірлігін, рухани тұтасығын, мәдени жандануын, идеялық  сабақтастығын айқындап, ғылыми деңгейде пайымдауға жол ашты.        

Автор өмірбаяны

Шынар Нурманова, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік                                                         университетінің докторанты

(Қазақстан, Түркістан қ.)

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-31

Журналдың саны

Бөлім

Тарих