КЕНЕСАРЫ ХАННЫҢ ТАРИХИ - ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ПОРТРЕТІН ЖАСАУ НЕГІЗІНДЕ ПЕДАГОГТІҢ ЗЕРТТЕУ ҚҰЗЫРЕТІН ДАМЫТУ

0 0

Авторлар

  • Гульмира Қуанышбек Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Кілт сөздер:

Кенесары хан, педагог, зерттеу құзыреті, дерек, тарихи -психологиялық портрет, тұлағалық қасиет, педагогикалық зерттеу, интерпретация, сыни ойлау, талдау.

Аңдатпа

Мақалада педагогтің зерттеу құзыретін дамыту мәселесі Кенесары ханның тарихи- психологиялық портретін жасау арқылы жан-жақты талданады. Автор тарихи тұлғаның психологиялық бейнесін педагогикалық зерттеу әдісі ретінде қарастырып, мұғалімнің зерттеушілік іс-әрекетін жетілдірудің теориялық және практикалық аспектілерін айқындайды. Зерттеу барысында Кенесары ханның тұлғалық қасиеттері, көшбасшылық қабілеті, ел тәуелсіздігі жолындағы күресі және сол кезеңнің әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері талдана отырып, тарихи-психологиялық бейне жасау әдісінің педагогикалық әлеуеті ашылады. Бұл тәсіл мұғалімнің аналитикалық, рефлексиялық және креативтік қабілеттерін дамытуға, ғылыми ойлау мен зерттеу мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік беретіні көрсетіледі. Мұндай әдіс мұғалімнің деректерді талдау, салыстыру, қорытынды жасау қабілеттерін арттырып, шығармашылық ізденісін күшейтеді. Сонымен қатар, тарихи-психологиялық талдау педагогке оқушылардың жеке ерекшеліктері мен қабілетін айқындауға, оқиға барысындағы тұлғаның эмоционалды күйін түсінуге, сабақ мазмұнын тереңдетуге және зерттеушілік бағыттағы іс-әрекетті жүйелі ұйымдастыруға мүмкіндік береді.  Тұлғаға тарихи- психологиялық талдау жасау мұғалімнің зерттеушілік құзыретін дамытудың тиімді құралы болып саналады. Нәтижесінде тарих пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыретін арттырудың тиімді тетіктері айқындалып, тарихи тұлғалар арқылы зерттеушілік дағдыларды дамытудың инновациялық бағыты ұсынылады.

Автор өмірбаяны

Гульмира Қуанышбек, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Түркістан облысы бойынша кәсіби даму институты» филиалының аға оқытушысы, Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ- түрік университетінің докторанты.

(Түркістан, Қазақстан)

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-31

Журналдың саны

Бөлім

Тарих