ТҮРІК ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ БІРЛІГІ ИДЕЯСЫ

0 0

Авторлар

  • Ержан Айнабеков Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
  • Бағдаулет Сыздықов Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті https://orcid.org/0000-0001-8115-5810

Кілт сөздер:

Түркі халықтары, түркі бірлігі, түркі дүниесі, түркішілдік, түркі интеграциясы, ұлттық сана, жаһандану, мәңгілік ел,

Аңдатпа

Бұл мақала түркі халықтарының бірлігі идеясының тарихи қалыптасуы, саяси және мәдени мәні, сондай-ақ оның қазіргі кезеңдегі өзектілігін жан-жақты талдауға арналған. Түркі дүниесінің бірлігі көне түркі қағанаттары дәуірінен бастап қалыптасқан рухани-идеологиялық тұғыр ретінде қарастырылып, Тоныкөк, Күлтегін, Білге қаған сияқты тұлғалардың «Мәңгілік Ел» және «Түрік Елі» идеяларын қалыптастырудағы рөлі көрсетіледі. XIX–XX ғасырларда түркішілдіктің қайта жандануы, Зия Көкалп, Исмаил Гаспралы, Ахмет Уәфиқ паша және басқа да зиялылардың түркілік жаңғыруға қосқан үлесі жеке талданады. Мақалада қазақ зиялылары Ахмет Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабаев, Мұстафа Шоқай және басқа қайраткерлердің түркі бірлігіне қатысты көзқарастары мен олардың ұлттық сананы жаңғыртудағы рөлі ашып көрсетіледі. Сонымен қатар түркі халықтарының бүгінгі жаһандану жағдайындағы ынтымақтастығы, Түркі мемлекеттері ұйымы, ТҮРКСОЙ сияқты құрылымдардың қызметі, түркі интеграциясының мәдени, саяси және экономикалық маңызы бағаланады. Зерттеу қазіргі кезеңде түркі әлемі алдында тұрған негізгі мәселелерді: мәдени тұтастықты сақтау, тіл бірлігін нығайту, саяси ынтымақтастықты арттыру және жаһанданудың теріс ықпалынан қорғану жолдарын анықтауға бағытталған. Методологиялық негізін тарихилық пен объективтілік принциптері құрайды, ал зерттеу барысында талдау, салыстыру, түсіндіру және жүйелеу әдістері қолданылған. Жалпы алғанда, мақала түркі халықтарының тарихи бірлігі идеясының эволюциясын, оның қазіргі түркі мемлекеттері үшін стратегиялық маңызын және болашақтағы даму перспективаларын ғылыми тұрғыдан кешенді зерттеуді мақсат етеді.

Автор өмірбаяндары

Ержан Айнабеков, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Магистрант. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, (Түркістан қ, Қазақстан).

Бағдаулет Сыздықов, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

PhD, доцент. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Археология-ғылыми зерттеу институтының жетекші ғылыми қызметкері

 (Түркістан қ, Қазақстан)

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-31

Журналдың саны

Бөлім

Тарих