ҰЛТ КӨСЕМІ ӘЛИХАН БӨКЕЙХАННЫҢ ТАРИХИ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ПОРТРЕТІ

0 1

Авторлар

Кілт сөздер:

Әлихан Бөкейхан, ұлт көсемі, тарихи-психологиялық портрет, көшбасшылық, ұлттық сана, Алаш идеясы.

Аңдатпа

Мақалада ХХ ғасырдың басындағы қазақ халқының саяси және рухани өмірінде айрықша із қалдырған ұлт-азаттық қозғалысының жетекшісі, мемлекет және көрнекті қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханның тарихи-психологиялық болмысын жан-жақты зерделеу көзделеді. Зерттеу барысында тұлғаның адамгершілік қасиеттері, саяси ұстанымдары, дүниетанымдық бағыттары мен ұлттық сана, мемлекеттік идеяларын қалыптастырудағы тарихи рөлі терең талданады. Әлихан Бөкейханның көшбасшылық қабілеті, рухани беріктігі және парасаттылығы мен ерік-жігері ХХ хасырдың басындағы қазақ қоғамында орын алған саяси-әлеуметтік оқиғалармен байланыстырыла отырып сипатталып, оның ұлт тағдыры алдындағы жауапкершілігі мен күрескерлік рухының психологиялық қырлары ашылады. Әлихан Бөкейханның қоғамдық-саяси қызметі мен мінез-құлықтарының ерекшеліктері, ұстанымдары, тарихи деректер мен замандастарының естеліктері, ғылыми еңбектер негізінде сараланып, оның қазақ халқының болашағы мен тәуелсіздігі, бірлігі жолындағы қызметінің тарихи-психологиялық астары мен ұлттық рухты қалыптастырудағы ерекше рөлі айқындалады. Сонымен қатар, шетелдік зерттеушілердің  еңбектеріндегі өз дәуірінің интеллектуалдық символы, демократиялық ойдың жаршысы және ұлттық өзіндік сананы оятқан ағартушы, биік мәдениетті және моральдық құндылықтарды ұстаған гуманистік тұлға ретінде сипатталған Әлихан Бөкейханның тұлғасына берілген ғылыми сипатқа баса назар аударылады. 

Автор өмірбаяны

Ақерке Абдуллаева, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік

 университетінің докторанты

 (Қазақстан, Түркістан қ.)

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-31

Журналдың саны

Бөлім

Тарих