ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ ПЕН ТҮРКІСТАН ӨЛКЕСІ МҰСЫЛМАН БЮРОСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ
21 17
Кілт сөздер:
Түркістан, Ұлттық коммунистер, Мусбюро, Түрік коммунистік партиясы, Түркия Республикасы, аштық, ұлттық мәселе, большевиктер.Аңдатпа
Мақалада белгілі мемлекет қайраткері және саясаткер Тұрар Рысқұловтың Түркістан мұсылман бюросының басшысы ретіндегі қызметі баяндалған. Ол мұрағаттық құжаттар, мерзімді баспа материалдары, сондай-ақ Т.Рысқұловтың еңбектері негізінде жазылған. Мақала 1919-1920 жылдары Түркістанда болған саяси оқиғаларды объективті және шынайы сипаттайды. Т. Рыскуловтың национал-коммунист ретіндегі қоғамдық-саяси қызметі нақты архивтік деректермен талданады. Оның Түркістан Республикасында коммунистік биліктің орнауы және нығаюы кезінде жергілікті халықтардың мүддесі үшін орталықтың эмиссарлық органдарының басшыларымен қызу саяси пікірталасқа баруының себептері мен салдарларының сыры ашылады. Сонымен бірге Түрік коммунистік партиясын құру, өлкені «РСФСР құрамындағы Түрік Кеңестік Республикасы» деп атау туралы саяси тұжырымдарына деген кеңестік биліктің теріс көзқарасына талдау жасалады.