БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҚУҒЫН-СҮРГІНГЕ ҰШЫРАУЫ (1920-30 ЖЖ. АРАЛЫҒЫ)
32 19
Кілт сөздер:
қазақ зиялылары, тарихи жады, қуғын-сүргін, білім беру жүйесі, ұлттандыру.Аңдатпа
Мақала 1920-30-ші жылдары аралығындағы қазақ зиялыларының білім беру жүйесі бойынша қуғын-сүргінге ұшырауы тарихын зерттеуге арналған. Оның тарихнамалық зерттелу деңгейі мен деректік көздерін жаңаша тұрғыдан қарастыру осы мақаланың басты мақсатын айқындайды. Аталған кезеңдегі бұл саясаттың әсіресе, білім беру жүйесіндегі тұлғалардың қуғын-сүргінге ұшырауы үстірт, асығыс саясаттың араласуымен науқан түрінде асқан қатыгездікпен көрініс тапқаны тың деректер зерттеу жұмысында талдауға алынған.
Еліміз егемендік алғалы Отан тарихының түрлі салалары бойынша зерттеу жұмыстарының қарқынды түрде жүргізіліп жатқандығы баршамызға аян. Соған қарамастан, әлі де болса өз кезегін күтіп, зерттеу нысанына айналмаған тақырыптар бар. Соның бірі білім беру жүйесі бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған тұлғалардың қызметі, тағдыры, тарихы. «Өткенсіз болашақ жоқ» немесе «тарихтан тағылым» деген қағидаларға сүйенсек, қоғам өміріндегі барлық құбылыстардың себеп-салдарын өткен тарихтан іздеуіміз қажет.
Күннен күнге қанатын жайып, тереңдей түскен жаһандану үдерісі жағдайында ұлттың ұлт ретінде тарихи санасының сақталуының басты шарттарының бірі, оның ғылыми-теориялық негізде жазылған шынайы да танымды жазба тарихының болуында болып отыр. Өйткені, тарих – ұлттың жады. Тек жүйелі де, объективті, мүмкіндігінше ғылыми негізде жазылған тарих қана қлттың ұлттылығын сақтайтын тарихи жады міндетін атқара алады. Тек, ғылыми-теориялық негізде жазылған тарихтан ғана ұлт өзінің өткенінен мағлұматтар алып, олардан болашаққа сабақ түйіндейтіндей ойларды иеленеді.