САЯСИ РЕПРЕССИЯНЫҢ ДЕПОРТАЦИЯ ҚҰРБАНДАРЫ ҰРПАҚТАРЫНА ТИГІЗГЕН МОРАЛЬДЫҚ – ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЗАРДАПТАРЫ
48 19
Кілт сөздер:
Депортация, саяси репрессия, тарихи психология, психологиялық әсер, ұрпақтар тәжірибесі, тарихи әділеттілік.Аңдатпа
Ғылыми мақалада ХХ ғасырдың30 – 50 жылдардағы саяси репрессия және депортация нәтижесінде Қазақстанға күштеп қоныс аударылған этностардың ұрпақтарына тигізген моральдық және психологиялық зардаптары терең талданады. Кеңестік биліктің зорлық-зомбылыққа негізделген қоныс аудару саясаты жүздеген мың адамды өз атақонысынан айыруы олардың әлеуметтік және мәдени дамуына ауыр соққы болып тиді. Депортация құрбандарының ұрпақтарында жиі кездесетін психологиялық проблемалар, оның ішінде тарихи травма, өзінің этникалық тамырларынан ажырау, сәйкестікті іздеу, жалғыздық сезімі және ұжымдық естеліктердегі қайғы-қасірет сияқты мәселелер кеңінен зерттелген. Мақалада сонымен қатар, саяси репрессиялар мен депортацияның ұрпақтар санасына тигізген кері әсерлерін азайту үшін психологиялық қолдау мен тарихи жадыны сақтау, ұрпақтар арасындағы сабақтастықты нығайту шараларының маңыздылығы атап өтілген. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, бүгінгі күні депортация құрбандарының ұрпақтары арасында өткеннің ауыртпалықтарын сезіну, тарихи әділеттіліктің қалпына келуі, естеліктерді жаңғыртуға және мәдени мұраны сақтауға деген сұраныс жоғары деңгейде сақталуда. Осы орайда, саяси репрессия мен депортацияның тарихи маңыздылығы және оның заманауи қазақстандық қоғамдағы рөлі, тарихи әділеттілікті қалпына келтіру және ұлттар арасындағы әлеуметтік және мәдени келісімді нығайтуға бағытталған іс-шаралардың маңыздылығы жан-жақты қарастырылады.