ОТАНДЫҚ ТАРИХТАҒЫ ТҰЛҒАТАНУДЫҢ ҒЫЛЫМИ МЕКТЕПТЕРІН ЖІКТЕУ

7 5

Авторлар

  • Бекзат Мәмбетов Шымкент университеті
  • Хазретәлі Тұрсұн Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті https://orcid.org/0000-0002-8610-522X
  • Ақмарал Сүндетова М.Оспанов атындағы Ақтөбе медициналық университеті

Кілт сөздер:

Тарихи тұлғатану; тарих методологиясы; тарихшы ғалымдардың тұлғааралық байланыстары.

Аңдатпа

Мақала отандық тарихтағы тұлғатану ғылыми бағытының мектептерін тарихнамалық талдау арқылы жіктеуге арналған. Тұлғатанулық зерттеулер қатарының көп болуы және ол зерттеулерде түрлі әдістердің қолданылуымен бірге жанрлық тұрғыда әралуандылығын жіктеп, жүйелеудің қажеттілігі тақырыптың өзекті екендігін танытады. Осы бағытта С.Бәйішев, М.Асылбеков, К.Нұрпейіс, Б.Қойшыбаев және т.б. ғалымдардың тұлғатану бағытындағы зерттеулері талданып, олардың методологиялық ұстанымдарына баға беріледі. Мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің басты мақсаты тұлғатанулық зерттеулердің методологиялық ұстанымдарын айқындау болып белгіленді. Осыған сай отандық тарихшылардың тұлғатанулық зерттеулерін тақырыбы, қолданған әдіс-тәсілдері жәнешығармашылық стилі бойынша жіктеу міндеттерді іске асыру қарастырылды. Жұмыстың ғылыми және тәжірибелік маңыздылығы. Мақалада жасалған ғылыми тұжырымдаротандық тарихтағы тұлғатану ғылыми бағытына тарихнамалық, методологиялық және эпистемиологиялық талдаулар жасауға қатысты зерттеулерге бағдар болады. Сонымен бірге тарихи таным қалыптастыруда тұлғатанулық мәселелерді оқыту үдерісінде қолдануға әдістемелік көмекші материал болады. Нәтижелер. Зертеу барысында тарихшы-ғалымдардың тұлғааралық байланыстары, олардың шығармаларына идеологиялық ұстанымдардың ықпал-әсері туралы тың тұжырымдар ұсынылып, тұлға қызметін бағалаудағы қолданған әдіс-тәсілдері туралы ұғымдар қалыптасты. Сол сияқты Отан тарихындағы тұлғатану ғылыми бағыты мектептерінің сұлбасы анықталды.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-09-30

Журналдың саны

Бөлім

Тарих