МІРЖАҚЫП ДУЛАТҰЛЫНЫҢ САЯСИ ҚЫЗМЕТІНІҢ РӨЛІ МЕН МАҢЫЗЫ
15 25
Кілт сөздер:
Міржақып Дулатұлы, Ресей империясы, Алаш партиясы, Алаш-Орда, Қарқаралы, Қазақ газеті, Оян қазақ, Серке газеті, Кеңестік Ресей, губерния, сыртқы саясат.Аңдатпа
Мақалада Міржақып Дулатұлының өмір жолы мен қоғамдық саяси қызметінің қалыптасуын анықтайтын факторларға, ұстаз, журналист ретіндегі тұлғалық феноменіне объективті баға беріледі.
ХХ ғасырдың басында Ресей империясының ішкі және сыртқы жағдайына байланысты қазақ қоғамында тәуелсіздік жолында Алаш қозғалысының өкілдерінің қалыптасуы және олардың алға қойған мақсаттарына жан-жақты түрде талдау жасалынып, Сонымен бірге, Міржақып Дулатұлының Алаш қозғалысының жандануына өз үлесінің қосуы,қазақ халқының егеменді жолындағы саяси және ағартушылық қызметі, қазақ тәуелсіздігінің жолында Ресей империясына қарсы күрестің ұйымдастыруы, қазақ мемлекетінің алғашқы ата заңының жобасын дайындаған «ұлт көсемі» екендігі дәлелденді.
ХХ ғасырдың басында Алаш зиялылары Әлихан, Ахмет және Міржақып сияқты ұлт көсемдері қазақтардың көкірек көзін ашу мақсатында қазақтың алғашқы демократиялық баспа сөзі-«Қазақ» газетін ашуындағы саяси қызметтерінің маңыздылығы, сонымен бірге қазақ мемлекетінің құру алғышарттары, Міржақып Дулатұлының «Алаш» партиясы мен «Алаш-Орда» үкіметін орнату жолындағы мемлекеттік қызметі қарастырылады. Сонымен бірге қазақ халқының бейбітшілігін сақтау мақсатында қазақтың әскери жүйесін құру жолындағы поззиясын талданады. Міржақып Дулатұлы қазақтардың ішінде алғашқы роман жазғаны, бастауыш сыныптар үшін есеп құралын жазған алаш азаматы екендігі анықталады. Міржақып Дулатұлының ХХ ғасырдың бірінші жартысында қазақ қоғамында орын алған ашаршылыққа қарсы «Аштыққа ұшырғандарды құтқару комиссиясын» құрып, қазақтарды аштықтан құтқару жолындағы терең еңбегі зерделенеді..
Міржақып Дулатұлы қазақ халқының тәуелсіздік жолында жалпы қазақтың ұлттық мүддесін алға тартып, өз халқының тыныш, бейбіт өмірін қамтамасыз етуге ұмтылды. Оның саяси және стратегиялық таңдауы кез келген ірі ұлт көсемдері мен мемлекет қайраткері үшін күрделі халықаралық саяси жағдайда өз ұстанымын пайдаланып, сындарлы геосаясат жүргізіп, одақтастарын таба білудің қаншалықты маңызды екенін айқын көрсетеді.