ЖОҒАРЫ ЭНТРОПИЯЛЫҚ ҚОРЫТПАЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ СУТЕК ЭНЕРГИЯСЫНДА ҚОЛДАНУ
58 40
Anahtar Kelimeler:
жоғары энтропиялық қорытпалар, қатты ерітінді фазалары, микроқұрылым, сутегі энергиясы, абсорбция, десорбция, сутегінің жинақталуыÖzet
Жоғары энтропиялық қорытпалар (ЖЭҚ) ерекше физико-химиялық қасиеттеріне байланысты заманауи материалдардың дамуындағы маңызды бағытқа айналды және сутегі энергетикасында қолдану үшін перспективалы болып табылады. Бұл мақалада сутегіні сақтау үшін ЖЭҚ қолдану бойынша соңғы зерттеулер қарастырылып, олардың микроструктурасына, синтез және жобалау әдістеріне, сақтау қасиеттеріне баса назар аударылады; ЖЭҚ-тың әртүрлі температура мен қысымда жоғары тұрақтылық, механикалық беріктік және сутегін сіңіру қабілеті сияқты артықшылықтары талқыланады; бір компонентті және көп компонентті қорытпалардың мысалдары келтірілген. ОЦК және Лавес фазаларын қамтитын бір және көп компонентті құрылымдары бар қорытпалардың сутегіні тиімді абсорбциялау және десорбциялау қабілеті қарастырылады. ЖЭҚ-тың жоғары сақтау тығыздығы мен коррозияға төзімділігін растайтын зерттеу нәтижелері келтірілген, бұл олардың ұзақ қызмет етуін және техникалық қызмет көрсету шығындарын азайтуды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, пластикалылық пен фазалық құрылымдардың тұрақтылығын арттыру қажеттілігі сияқты ағымдағы шектеулер талқыланады. Мақалада құрамы мен құрылымдық модификациясын оңтайландыру әдістерін әзірлеу, термодинамикалық қасиеттерін жақсарту және сутегіні өнеркәсіптік жағдайларда сақтау үшін ЖЭҚ бейімдеу бойынша болашақ зерттеулер бағыттары ұсынылады. Бұл материалдарды әрі қарай зерттеудің маңыздылығы сутегі технологияларын ілгерілетуге және тұрақты энергия көздерін дамытуға ықпал етіп, экологиялық таза энергетикаға көшуді қамтамасыз етеді деп атап өтілген.