Ұлттық біртұтастық және тілдік болмыс: Қазақстан мен Малайзияның формалды және бейресми кеңістіктерін салыстырмалы талдау
95 58
Кілт сөздер:
тіл саясаты, ресми тіл, бейресми тіл, бірегейлік, қазақ тілі, малай тілі, тілдік болмысАңдатпа
Көпэтносты қоғамдардағы тілдік саясат пен шынайы тілдік тәжірибе арасындағы алшақтық тек әлеуметтік-саяси құбылыс қана емес, сонымен бірге діни-философиялық тұрғыдан адамның болмысы, бірегейлігі және қоғамдағы орны туралы терең пайымдауды қажет ететін мәселе болып табылады. Тіл – тек қатынас құралы емес, ол адамзаттың рухани жадын, мәдени кодын және дүниетанымын сақтаушы құндылық ретінде көрінеді. Осы тұрғыдан алғанда, ұлттық тіл саясаты мен күнделікті тілдік тәжірибе арасындағы сәйкессіздік адамның ішкі рухани тұтастығы мен қоғамдық үйлесіміне әсер ететін фактор ретінде қарастырылады. Бұл зерттеу Абел Полезе ұсынған формалды және бейресми тілдік тәжірибені салыстыру әдісіне сүйене отырып, Қазақстан мен Малайзиядағы тілдік саясатты әдеби шолу негізінде талдайды. Зерттеу нәтижелері екі елде де ресми тілдік саясат ұлттық бірлікті нығайтуға бағытталғанымен, шынайы өмірде үстем тілдердің әлеуметтік және кәсіби кеңістікте басымдыққа ие болатынын көрсетеді. Аталған қайшылықтар мемлекеттік тілдің символдық мәртебесі мен оның нақты өмірдегі қолданылу деңгейі арасындағы алшақтықты айқындайды. Бұл жағдай тілдің тек құқықтық норма ғана емес, рухани-этикалық жауапкершілік пен азаматтық бірегейлікті қалыптастырудағы маңызды құрал екенін дәлелдейді.



