Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымының теологиялық негіздері

18 28

Авторлар

  • Нұрдәулет Мамырәлі "Әзірет Сұлтан Ұлттық" тарихи-мәдени музей қорығы, Ясауитану ғылыми орталығы
  • Нұржан Парпиев "Әзірет Сұлтан Ұлттық" тарихи-мәдени музей қорығы, Ясауитану ғылыми орталығы

Кілт сөздер:

Қожа Ахмет Ясауи, хикмет, Құран, сүннет, сопылық ілім, рухани тәрбие

Аңдатпа

Бұл зерттеуде Қожа Ахмет Ясауидің діни дүниетанымындағы негізгі ұстанымдары қарастырылады. Ең алдымен исламдық дәстүрде әрбір ізгі істің «Бисмиллаһ» сөзімен басталуының мәні түсіндіріледі. Ясауидің де хикметтерін «Бисмиллаһпен» бастап, оны мұсылмандықтың басты қағидасы ретінде қабылдағаны атап өтіледі. Зерттеудің келесі бөлімінде Ясауидің Аллаға иман және толық бағыну мәселесіне ерекше мән бергені айтылады. Адамның басты мақсаты Жаратушыға құлшылық ету екені және дүниенің өткінші қызықтарына алданып қалмау қажеттігі хикметтерінде үнемі ескертілген. Бұл ой Құрандағы тәухид сенімімен және сопылық дәстүрмен үндеседі. Сонымен қатар, еңбекте Ясауидің Мухаммед Пайғамбарға және оның сүннетіне беріктігі кеңінен талданады. Хикметтерінде Мұхаммед пайғамбар аса құрметпен мадақталып, оның өмірі үлгі ретінде көрсетіледі. Құран мен сүннет – діннің негізгі қайнары ретінде алынғандықтан, мұсылманның міндеті осы екі негізге сүйену екендігі баса айтылады. Зерттеудің маңызды бөлігі – Ясауидің хикметтеріндегі Құран ықпалына арналды. Шығармаларында қасиетті кітаптағы оқиғалар мен тақырыптар өзіндік тәсілмен жырланып, Құран әрі рухани, әрі поэтикалық ілім көзі ретінде қабылданғаны дәлелденеді. Ясауи Құранды тек оқумен шектелмей, оны өмірге қолданудың қажеттігін насихаттады. Жалпы алғанда, Ясауидің дүниетанымы – Құран мен сүннетке негізделген сопылық ілімнің жүйелі көрінісі. Оның хикметтері исламдық сенім мен рухани-ахлақтық тәрбиені халыққа қарапайым әрі түсінікті тілде жеткізген көрнекті үлгі болып табылады.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-09-30

Журналдың саны

Бөлім

дінтану