Жүніс Әміренің жәннат пен тозаққа қатысты көзқарасына айтылған сындарға шолу
15 138
Кілт сөздер:
Жәннат, тозақ, Жүніс Әміре, сопы, тасауф, ихсан, азапАңдатпа
Жүніс Әміре (шамамен 720/1320 қ.б.) өз өлеңдерінде Алланың ризашылығын алуды және оған деген сүйіспеншілікті барлық дүниелік әрі ақыреттік мүдделерден жоғары қойған. Ол құлшылықта ықыласты негізгі қағида етіп, жәннатты қалау мен тозақтан қорқуды екінші кезекке қойған. Оның пікірінше, бұндай үміт пен қорқыныш құдайлық махаббаттың тазалығын әлсіретеді. Дегенмен, бұл ұстаным кейбір ортада оның жәннатты менсінбегені немесе тозақ азабын елемегені ретінде сынға алынған. Осы мақалада Жүніс Әміренің жәннатқа қатысты өлеңдері талданып, олардың мағынасы сопылық тұрғыдан қарастырылады. Алдымен жәннат пен тозақ ұғымдарының діндер тарихындағы орны сипатталып, кейін осындай сынға ұшыраған өзге сопылардың көзқарастарымен салыстырылады. Соңғы бөлімде Жүніс Әміренің өлең жолдары сопылық мән әлемі аясында талданып, айтылған сындарға жауап беріледі. Зерттеудің басты мақсаты – орта мектеп оқулықтарында Жүніс Әміренің кейбір өлеңдерінің қысқартылуы төңірегінде туындаған пікірталастарға ғылыми тұрғыдан түсінік беру. Жұмыс нәтижесінде әдебиеттерге шолу жасалып, Жүніс Әміре шығармалары мен өзге сопылардың осыған ұқсас сынға ұшыраған сөздері өз контекстінде зерделенді.