Батыс әлеміндегі Мұхаммед пайғамбар бейнесінің өзгеруі
27 27
Кілт сөздер:
Мұхаммед пайғамбар, ислам, Батыс мәдениеті, пайғамбар феномені, медиа.Аңдатпа
Бұл зерттеу Мұхаммед пайғамбардың бейнесінің өзгеруін кезең кезеңдерге бөліп, оның тұлғасының өзгеруіне қатысты Батыс ғалымдарының тұжырымдарына тоқталып, олардың тарихи және мәдени контексттердегі ерекшеліктерін талдауға бағытталған. Бұл зерттеудің мақсаты батыс ғалымдарының Мұхаммед пайғамбар туралы тұжырымдарын жан-жақты талдау арқылы олардың тарихи, мәдени және діни көзқарастарының қалыптасу ерекшеліктерін анықтау, бұл тұжырымдарға әсер еткен факторларды зерттеу және олардың ислам мен Батыс арасындағы өзара түсіністікке ықпалын бағалау. Мұхаммед пайғамбардың (с.а.с) бейнесінің өзгеруін зерттеу – тарихи, мәдениеттанулық, саяси және медиа зерттеулерді қажет ететін кешенді тақырып. Сондықтан зерттеу барысында сапалық және сандық әдістер, тарихи әдіс арқылы пайғамбардың тарихи өзгерістерін сипаттау, контент-анализ арқылы пайғамбар бейнесін зерттеудің объективтілігін қамтамасыз етіп, мәселені жан-жақты талдауға мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелері журналистерге, редакторларға және медиа продюсерлерге ислам дінінің және Мұхаммед пайғамбардың бейнесін объективті әрі әділетті түрде көрсету бойынша практикалық ұсынымдар ұсына алады. Батыс пен ислам әлемі арасындағы өзара түсіністікті арттыруға бағытталған мәдениетаралық диалог бағдарламаларын әзірлеуде пайдалануға болады. Зерттеу нәтижелері дінтану, медиатану, мәдениетаралық коммуникация және журналистика салалары бойынша оқу бағдарламаларын жетілдіру үшін құнды материал бола алады. Бұл зерттеу журналистердің дін мен діни көшбасшыларды бейнелеуде жауапты және этикалық стандарттарды сақтауы үшін жаңа бағыттарды айқындайды.