Тулунидтер әулетінің ислам тарихындағы орны
88 40
Кілт сөздер:
Аббасид халифалары, құл, Мысыр, түркілер, Тулунидтер, сұлтан, исламАңдатпа
Бұл мақала 868-905 жылдары Египетті басқарған түркі әулеттерінің бірі – Түлунидтер туралы. Онда осы кезеңді зерттеген орта ғасырлар тарихшылары мен Ресей, Түркия және араб елдерінің қазіргі заманғы зерттеушілерінің еңбектері мен қорытындылары талданған. Әулет негізін қалаушы Әбу Аббас Ахмед ибн Түлун Бағдатта дүниеге келген, бірақ оның түбі Бухараға барып тіреледі. Түлунидтер халифаттан бөлініп, Египетті басқарған алғашқы түркі әулеті болды. Мақалада Түлунид мемлекетінің пайда болуының тарихи жағдайлары, саяси тарихы, экономикасы және әлеуметтік қатынастары жан-жақты қарастырылған. Әсіресе, Әбу Аббас Ахмед ибн Түлунның өз билігін заңдастыру үшін аббасид халифасы Мұтаминнің резиденциясын Каирге көшіруге тырысқан әрекетіне ерекше көңіл бөлінген. Алайда, халифаның інісі Ахмед әл-Муваффактың қарсылығына байланысты бұл жоспар іске аспады.
Түлунидтер әулетінің шығу тегі Орта Азиямен байланысты болғандықтан, олар жүргізген саяси процестерді және Орта ғасырлардағы Египеттің өркендеуіне ықпал еткен факторларды зерттеу түркі әулеттерінің орта ғасырлар тарихындағы рөлін бағалауға мүмкіндік беретін маңызды зерттеу болып табылады. Орта ғасырлар және қазіргі заманғы зерттеушілер Түлунидтер әулетінің 37 жылдық билік ету кезеңін орта ғасырлар Египет тарихындағы «Алтын ғасыр» деп санайды.
Бұл ғылыми мақала кеңінен қабылданған тарихи әдістерге негізделген: историзм, салыстырмалы-логикалық талдау, дәйектілік, объективтілік, жүйелілік және ғылыми дәлдік. Орта ғасырлар тарихшылары мен қазіргі заманғы зерттеушілердің ғылыми еңбектерін салыстыру, талдау және бағалау арқылы Египеттегі Түлунидтер туралы объективті қорытындылар жасауға тырыстық.