Ислам философиясындағы адам болмысы және рухани кемелдену мәселесі
56 20
DOI:
https://doi.org/10.47526/3007-8598.6547Кілт сөздер:
ислам философиясы, адам болмысы, ақыл мен сенім, ерік бостандығы, имандылық, рухани кемелдену.Аңдатпа
Мақалада ислам философиясындағы адам болмысы, таным, моральдық жауапкершілік және рухани кемелдену мәселелері өзара сабақтастықта талданады. Зерттеудің мақсаты – адамның Жаратушымен және әлеммен қатынасын түсіндіретін негізгі философиялық ұстанымдарды жүйелеу және олардың тұлғаның адамгершілік қалыптасуымен байланысын айқындау. Зерттеу барысында тарихи-философиялық, салыстырмалы және ұғымдық талдау әдістері қолданылды. Әл-Кинди, әл-Фараби, Ибн Сина, әл-Ғазали және Ибн Араби мұраларындағы тұжырымдар негізінде жаратылыс, ақыл мен сенімнің арақатынасы, ерік пен тағдыр, имандылық және кемел адам ұғымдары сараланады. Зерттеу нәтижесінде исламдық философиялық ойлау дәстүрінде адамның жаратылған болмыс ретінде қарастырылуы оның танымдық қабілеті мен моральдық жауапкершілігін шектемейтіні анықталады. Діни-этикалық ұстанымдар сенім қағидаларын адамның күнделікті мінез-құлқы және қоғамдық қатынастарымен ұштастырса, рухани кемелдену өзін-өзі тәрбиелеу, моральдық жетілу және ізгі әрекетке ұмтылу үдерісі ретінде сипатталады. Сонымен қатар философиялық, кәламдық және сопылық түсіндірулер арасындағы ерекшеліктер ескеріліп, оларды біртұтас тұжырымға біріктірудің әдіснамалық шектеулері көрсетіледі. Қазақ дүниетанымындағы имандылық пен кемелдік идеялары аталған мәселенің мәдени-рухани сабақтастығы ретінде қарастырылады. Зерттеу адам болмысын онтологиялық, танымдық және этикалық қырлардың өзара байланысы негізінде қарастырудың ғылыми маңызын айқындайды.