Жариялау этикасы

"Ясауи университетінің хабаршысы" журналының редакциясы (бұдан әрі – журнал) өз қызметінде кәсібилік, объективтілік, ғылымилық, бейтараптылық принциптерін басшылыққа алады. Олар ғылыми басылымды дайындауға және ғылыми-зерттеу нәтижелерін таратуға қатысты этикалық міндеттемелерді өз жауапкершілігіне алады.

Редакцияның авторлармен өзара байланысы ашықтық, адалдық, сыпайылық, әділдік және объективтілік қағидаттарына негізделеді.

Қолжазбалар жарияланымға дайындау процедурасынан өткізіледі. Бұл ретте авторлық құқық Қазақстан Республикасының заңдылықтары мен нормативтеріне сәйкес сақталады.

Журналға қабылданған ғылыми мақалалар бағыты бойынша сарапшы ғалымдар тарапынан міндетті түрде қосарланған «жасырын» рецензиялаудан өтеді.

Редакцияның мақала авторларымен және рецензенттермен байланысы OJS электрондық платформасы арқылы онлайн режимде және қажет болған жағдайда электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады.

Ғылыми басылым ҚР ҒЖБМ-нің Ғылым және  жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің «Ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне» енгізу үшін қойылатын талаптарға (https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1600013409 ) сәйкес шығарылады. Сондай-ақ, халықаралық тәжірибенің ерекшеліктері мен талаптарын ескере отырып, Жарияланым этикасы жөніндегі комитеттің (Committeeon Publication Ethics: COPE, promoting integrity in scholarly research and its publication / COPE: Committee on Publication Ethics) (https://publicationethics.org/)  журнал редакторларына арналған ғылыми жарияланымдар этикасы қағидаттары жөніндегі нұсқаулығына сәйкес жариялау этикасы әзірленді.

Жариялау процесінің барлық қатысушылары міндетті түрде осы жариялау этикасының қағидалары мен нормаларын ұстануға міндетті. Этикалық қағидаларды сақтау ғылыми журналдың сапасын қамтамасыз ету және сақтау үшін де, жариялау процесіне қатысушылар арасында сенімділікпен және құрметпен қарау үшін де маңызды.

Ғылыми-зерттеу нәтижелерін жариялау кезінде жалған авторлық зерттеу нәтижелерін бұрмалау және фабрикациялау, авторлардың рұқсатынсыз басқа басылымдарға мақалалардың қолжазбаларын беру іс-әрекеттері әдепке жат және жариялау этикасын бұрмалау болып саналады.

Баспа процесіне қатысушылардың міндеттері

Редакциялық алқа мүшелерінің міндеттері

«Ясауи университетінің хабаршысы» журналының редакциялық алқа мүшелері журналды жетілдіру, дамыту, халықаралық мәліметтер базасына енгізу, ғылыми мақалалар сапасын арттыру мақсатындағы қызметтерді атқарады.

Редакторлардың міндеттері мен құқықтары

Редакторлар ғылыми мақаланың жариялану мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) туралы нақты шешімді этикалық нормалар мен авторлық құқыққа қатысты заң шеңберінде ғана шығаруға міндетті. Бұл ретте олар журнал саясатын басшылыққа алуға құқылы.

Редакторлар әсіресе, мәтіннің, ондағы мәліметтердің плагиаттығына ерекше мән беруге міндетті. Мақала бұрын жарық көрсе немесе оның плагиаттығы анықталса, ол материалды жарияламауға құқылы. Редакторлар автордың саяси және діни көзқарастары, дербес мәліметтері туралы ақпараттарға тәуелсіз түрде қолданыстағы заң нормаларын ескере отырып, қолжазбалардың ғылыми мазмұнын бағалауға құқылы.

Рецензиялаушының міндеттері мен құқықтары

Рецензент этика ережелерін сақтай отырып, авторлық материалдарға ғылыми сараптама жүргізеді. Егер рецензенттің біліктігі қолжазбаны бағалау үшін жеткілікті болмаса және/немесе ұйымдастыру немесе қарау мерзімі ұзаққа созылса, ол бұл туралы редакцияға хабарлауға және көрсетілген қолжазбаны рецензиялау процесінен бас тартуға міндетті. Рецензиялау үшін алынған қолжазба құпия құжат ретінде қарастырылуы керек, оны редакцияға қарау немесе талқылау үшін өкілеттік берілмеген үшінші тұлғаға беруге болмайды. Рецензенттің басқа біреу жазған рецензияға қол қоюға құқығы жоқ.

Рецензенттің міндеттері:

  • өздеріне ұсынылған қолжазба авторлардың интеллектуалдық меншігі екенін және оны жұртшылыққа жариялауға жатпайтын мәлімет екенін білуге;
  • бағалап отырған қолжазбаның қандай да болсын өзге жұмыспен елеулі немесе ішінара ұқсастығына, сонымен бірге ереже бойынша сілтемелердің болмау жағдайына, осы не өзге авторлардың бұдан бұрын жарияланған өзге жұмыстарындағы дәлелдер мен тұжырымдарға журнал редакциясының назарын аударуға;
  • аталған мақалада дәйексөз ретінде келтірілмеген ұқсас жарияланған жұмыстарды атап көрсетуге;
  • зерттеудің баяндалған нәтижесін бағалап және айқын ұсынымға негізделген әділ әрі түбегейлі болғаны жөн.

Автордың жеке басына, оның ғылыми деңгейіне, ғылыми дүниетанымына, арнайы дайындық деңгейіне қатысты және т.б. сыни пікір айтуға құқы жоқ. Рецензиялаушы ұсынылған жұмыстың мазмұны туралы мәліметті жарыққа шыққанға дейін өз мүддесіне пайдалануға құқы жоқ.

Автордың жариялау этикасының принциптері, міндеттері

Жарияланымның бір мәртелігі. Редакцияға ұсынылған мақала қолжазбасының басқа басылымдарға қарауға ұсынылмауына Автор(лар) жауапты болып табылады. Қолжазбаны бір мезгілде бірнеше журналдарда/басылымдарда ұсынуға жол берілмейді және ол жарияланым этикасының қағидаттарын, стандарттары мен нормаларын өрескел бұзу болып табылады.

Қолжазбаның авторлығы. Бірінші автор – екі немесе одан да көп автордың бірлескен авторлығында жарияланған мақалаға ең үлкен зияткерлік және практикалық үлес қосқан адам. Авторлар тізімінде бірінші болып көрсетіледі.

Автор-корреспондент – ғылыми жұмыс үшін жауап беретін және эксперименттік жұмыста деректердің дұрыстығына және этикалық бұзушылықтардың болмауына кепілдік беретін автор. Респонденттің аты мен байланыс ақпараты аффилиацияда көрсетіледі. Оның міндетіне мақаланы журналға ұсыну және ғылыми журналдың редакциясымен байланыс жасау кіреді. Бірінші және автор-корреспонденттен басқа қосымша авторлар осы материалға қосқан үлесіне қарай кезегімен жазылады. Жарияланатын қолжазба/мақалада көрсетілген барлық авторлар жұмыстың мазмұнына жауапты.

Оригиналдық принципі. Мақала авторлары, ең алдымен, жарияланған мәліметтер үшін үлкен жауапкершілікті ескере отырып, ғылыми-зерттеу нәтижелерінің сенімділігі мен анықтығына назар аударуы керек. Авторлар ұсынылған қолжазбада көрсетілген зерттеу нәтижелері толығымен түпнұсқа екендігіне кепілдік беруі керек. Ондағы қолданылған үзінділер мен пайымдаулар автордың міндетті сілтемесі және түпдереккөз ретінде берілуі қажет. Шектен тыс мәтін қолдану, сонымен бірге рәсімделмеген  дереккөздерді бұрмалап беру немесе басқа біреудің зерттеу нәтижелерін иемдену секілді кез келген формадағы плагиаттық – әдепсіздік болып табылады және ол қабылданбайды. Сілтемесіз берілген мәліметтер редакциялық алқа тарапынан плагиат ретінде қаралады.

Автордың міндеттері:

- қолжазбада тек нақты деректер мен мәліметтерді қолдануға;

- өзге зерттеушілердің эксперименттерін қайталауы және тексеруі үшін жеткілікті түрде ақпарат келтіруге;

- ашық хат түріндегі рұқсатсыз берілген және жеке түрде алынған ақпаратты қолданбау;

- мәліметтердің бұрмалануы және жалған болуына жол бермеуге міндетті. Материалдың қайта жариялануына (автор өзі жолдаған хатында жұмыстың алғаш жарияланып отырғанын көрсетуге міндетті) жол бермеуі керек.

Егер қолжазбаның жекелеген бөліктері бұрын-соңды жарияланған болса, автор ертеректе жазылған жұмысына сілтеме жасауы және жаңа жұмыстың бұрын жазылған жұмыстан ерекшеліктерін көрсетуге міндетті. Сонымен бірге, авторлар басқа бір басылымға жолданған және қаралу үстіндегі қолжазбаларын, өзге журналда жарияланып кеткен мақалаларын ұсынбауы тиіс.

Үшінші тұлға жұмыстың нәтижелерін сынға алған жағдайда, авторлар этикалық нормаларды міндетті түрде сақтауы керек. Айқын көрінетін экспрессияға және басқа да конструктивтік емес, әдепке жат тұжырымдарға жол бермеуі тиіс. Егер қандай да бір зерттеуші тұжырымының заңсыздығы дәлелденсе, қолданыстағы теорияларды жоққа шығарса және т.б. сенімді дәлелдер келтірілуі керек, ал ғылыми оппонентке қарсы құрметсіздік пен агрессияның кез-келген түріне жол берілмейді.

 

Мүдделер қақтығысы

 

Жарияланым этикасы Комитетінің (СОРЕ) анықтамасы бойынша, ғылыми жарияланымдар саласындағы мүдделер қақтығысы дегеніміз автордың, рецензенттің немесе редактордың қаржылық немесе жеке, кәсіби себептерінен болатын жағдайлар.  

Мүдделер қақтығысы рецензенттің және редколлегияның ғылыми бағалауынан кейін де туындауы мүмкін. Қос тараптың өзара келіспеушілігі нәтижесінде қолжазба жарияланымына қатысты шешімді редакция мүшелері мен редакциялық алқа мүшелері шығаратын болады.    

Қарауға ұсынылған қолжазбалардан алынған жарияланбаған мәліметтер жеке мақсатта пайдаланылмауы немесе автордың жазбаша келісімінсіз үшінші тұлғаларға берілмеуі керек. Шолу кезінде алынған ақпарат немесе идеялар құпия сақталуы және жеке мақсаттарда қолданылмауы керек. Егер зерттеу нәтижесінде мүдделер арасында келіспеушіліктер туындаған жағдайда, редакторлар қолжазбаны қараудан бас тартуы керек (редактордан немесе редакциялық алқаның басқа мүшесінен сұрау). Редакторлар барлық авторлардан бәсекелес қызығушылықтарды ашуды және егер бәсекелес мүдделер жарияланғаннан кейін анықталса, түзетулер жариялауын талап етуі керек. Қажет болған жағдайда, мысалы, пікірді жариялау немесе алаңдаушылық білдіру сияқты басқа да тиісті шаралар қабылдануы керек.

Қолжазбаның мазмұнына қатысты мүдделер қақтығысы болған жағдайда, жауапты редактор ғылыми редакторды хабардар етіп, содан кейін ғылыми редактор қолжазбаны қайта тексеру мен рецензиялауды басқа редактор/рецензентке тапсырады.   

Қарастыру және рецензиялау үрдісінде мүдделер қақтығысының болуы, қолжазбаның қайтарылатынын білдірмейді.