Дүниенің паремиологиялық бейнесіндегі «адам» концептісінің лингвогендерлік негізі
126 246
Кілт сөздер:
«Адам-Қоғам-Табиғат» триадасы, паремиологиялық дүние суреті, паремиология, гендерология, гендерлік лингвистика, мақал-мәтелдер, фрейм, концепт, концептуальдық жүйе, микрофреймдік қатынас, сөздің тура және ауыспалы мағынасы, т.б.Аңдатпа
Бұл мақалада «Адам-Қоғам-Табиғат» триадасының құрамдас бөлігі «Адам»
макрожүйесінің гендерлік сипаттамасын жасайтын «Әйел: Еркек» бинарлық жұбы дүниенің
паремиологиялық бейнесінде «Әйел» және «Еркек» болып екі жеке, дербес концептілерге
ажыратылған.
Қазақ паремиологиясында «Әйел» және «Еркек» концептерінің тілдік сипаттамасы
«ұл» – «қыз», «әке» – «шеше», «қыз» – «жігіт», «қалыңдық» – «күйеу жігіт», «келіншек» –
«ер азамат», т.б. әлеуметтік-статустық рөлдердің өзара байланысын бейнелейтін әлеуметтік-
тұрмыстық, әлеуметтік-салт-дәстүрлік, әлеуметтік-психологиялық мазмұндағы көпдеңгейлі
микрофреймдік тармақтар тұтастығында қарастырылған.
Еркек бейнесін этникалық санада қалыптасқан «еркектік белгілермен», ал әйел
бейнесін «әйелдік белгілермен» кескіндейтін микрофреймдік тармақтар аралық байланыстың
нәтижесінде ұлт мәдениеті «елегінен» өткізілген тілдегі «Адам» бейнесі сомдалған. Гендер
мәдениеттің нәтижесі ретінде халықтың салт-дәстүр, әдет-ғұрпында, фольклорлық
туындыларында, тілінде бекіген әйелдік нәзіктік пен еркектік жүректілік туралы
түсініктердің бейнеленетіндігі айқындалған. Ал гендерлік стереотиптер, яғни әйел затына, ер
адамға тән қасиеттер мен өзіндік ерекшеліктер туралы жеңілдетілген, оңайлатылған немесе
ұлғайтылған түсініктер этногенетикалық қауымдастықтың ұжымдық санасында қайтсе де
болатындығы қарастырылған.
Гендерлік лингвистика қазақ тіл білімінде ерлер мен әйелдердің сөз
қолданыстарындағы ерекшеліктерді зерттеуге байланысты туындаған, тіл біліміндегі жаңа
ғылыми бағыт болып саналатындығы зерделенген. Дүниенің тілдік бейнесінде «ұрғашы-
еркек» бинарлық жұбының «әйелдік» және «еркектік» белгілері «Адам» макрожүйесінің
концептілік аясының сапалық көрсеткіші ретінде таңбаланатындығы дәлелденген.
Әдебиеттер тізімі
Роль человеческого фактора в языке: Язык и картина мира / Б.А. Серебренников, Е.С. Кубрякова, В.И. Поставалова и др. – М.: Наука, 1988. – 216 с.
Кирилина А.В. О применении понятия гендер в русскоязычном лингвистическом описании // Филологические науки. – 2000. – №3. – С. 38–45.
Мамаева Г.Б. Ерлер мен әйелдердің сөз қолданысындағы ерекшеліктер (гендерлік зерттеу): филол. ғыл. канд. ... дисс.: 10.02.02. – Алматы: әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ, 2003. – 150 б.
Кирилина А.В. Гендер: лингвистические аспекты. – М.: Институт социологии РАН, 1999. – 189 с.
Опарина Е.О. Лексика, фразеология, текст: лингвистические компоненты // Язык и культура. Вып. 2. – 1996. – С. 16.
Телия В.Н. Русская фразеология. Семантический, прагматический и лингвокультурологический аспекты. – М.: Школа языка и русской культуры, 1996. – 288 с.
Воробьев В.В. Лингвокультурология. Теория и методы. – М.: РУДН, 1997. – 331 с.
Ескеева М.Қ. Орхон, Енисей, Талас ескерткіштері және қазіргі қыпшақ тілдеріндегі моносиллабтардың құрылымдық ерекшеліктері: филол. ғыл. докт. ... дисс. автореф.: 10.02.06. – Алматы: ҚР БҒМ А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты. 2007. – 56 б.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Т. 1–10. – Алматы: Ғылым, 1974–1986.
Өмірәлиев Қ. ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі. – Алматы: Ғылым, 1976. – 268 б.
Павиленис Р.И. Проблема смысла: современный логико-философский анализ языка. – М.: Мысль, 1983. – 286 c.
Гуревич А.Я. Время как проблема истории культуры // Вопросы философии. – 1969. – №3. – С. 8–9.
Маслова В.А. Лингвокультурология. – М.: Academia, 2001. – 450 с.
Ксенофонт. Домострой. VІІ. – М.: ООО «Издательство АСТ», 1998. – 310 с.
Таранов П. От Соломона до Роджера Бэкона. – М.: ООО «Издательство АСТ», 2000. – 448 с.
Дубинский М. Өмір гүлі // Парасат. – 1998. – №3. – Б. 27–36.
Маслова В.А. Когнитивная лингвистика. – Минск: ТетраСистемс, 2004. – 256 с.
Қасым Б. Сөзжасам: Семантика. Уәждеме. – Алматы: КИЦОО, 2007. – 167 б.
Смайлов А. Әйел лексемасының ұлттық көрінісі // ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. – 2004. – №8 (80). – Б. 93–97.