Сұхбат арқылы оқушылардың бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың әдіс-тәсілдері
10 19
Кілт сөздер:
сұхбат, ұлттық құндылық, шығармашылық дағды, дидактикалық шарт.Аңдатпа
Мақала заманауи білім беру жүйесіндегі маңызды мәселе – оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарды дамытудың әдістемелік мүмкіндіктеріне арналған. Авторлар кіріспе бөлімінде білім беру саясаты тұрғысынан ұлттық тәрбие берудің маңыздылығын негіздеген. «Зерттеу әдістері мен материалдар» бөлімінде автор қазақ халқында ұлттық ерекшеліктер әйелдер мен ерлердің мінез-құлқынан, бір-бірімен қарым-қатынасынан айқын танылатыны туралы тұжырым жасай келіп, осы бағыттағы ғылыми зерттеулерден ғалымдардың пікірлерін келтіреді. Аталған пікірлер кейін эксперименттік факультатив сабақтарға ресурстар мен тапсырмалар таңдауға негіз болған. Авторлар жаңартылған білім беру бағдарламасына талдау жасап, сұхбатты оқу ресурсы ретінде белгілеген оқу мақсаттарын жүйелеп көрсеткен. Аталған мақсаттарға сәйкес факультатив ретінде өткізілетін эксперименттік сабақтарға арнайы тапсырмалар дайындап ұсынған. Бүгінгі жастардың қажеттілігі мен қызығушылықтарын ескере отырып, әдістер мен тәсілдер, ресурстардың түрі таңдалған. Тақырыбы, мазмұны жағынан оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарды дамытуға ықпал ететін сұхбаттарды таңдап, ресурс ретінде ұсынған. Таңдалған сұхбаттардың мазмұнында қазақ халқының ұлттық ерекшелігін айқын танытатын қарапайымдылық, кішіпейілділік, мейірімділік, үлкенді сыйлау, елжандылық сияқты құндылықтар, отбасы құндылықтары жан-жақты ашылады. Сұхбаттарды талдауға ұсынған тапсырмалар оқушылардың аталған құндылықтарды тауып, танып қана қоймай, тереңнен зерделеп, ой тастауға бағытталған. Сонымен қатар оқушылардың өзіндік ой-пікірлерін, шығармашылық дағдыларын дамыту мүмкіндігімен, тәжірибелік сипатымен ерекшеленеді.
Зерттеушілер эксперименттік сабақтарға жазған рефлексиялары негізінде нақты нәтижелерді көрсетіп, зерттеудің қорытындысы ретінде сұхбат арқылы оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарды дамытудың әдістемелік шарттарын көрсеткен.
«Талдау мен нәтижелер» бөлімінде авторлар алдын ала жоспарланған нәтижені өлшеу критерийлерін ұсынады. «Сұхбат арқылы оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарды дамыту» тақырыбында өткізілген факультативтік сабақтардың нәтижесін осы критерийлер бойынша анықтаған.
Қорытынды бөлімде сұхбат арқылы оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарды дамытуға мүмкіндік беретін дидактикалық шарттары ұсынылған.
Әдебиеттер тізімі
Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы. [Электронды ресурс]. URL: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P2300000249 (қаралған күні: 19.05.2024)
Balamurali E., Hariharasudan A., Merly T.G. Women In Society Through The Aspect Of Language // Journal of Intercultural Communication. – 2023. – №23(1). – P. 107–112. doi.org/10.36923/jicc.v23i1.149.
Шоқым Г. Гендерлік лингвистика негіздері: оқулық. – Алматы: «Экономика баспасы» ЖШС, 2012. – 189 б.
Əлеуметтік лингвистика терминдерінің сөздігі. – Алматы: Арман-ПВ, 2020. 400 б.
Ахметжанова З. Очерки по национальной концептологии. – Алматы: Елтаным, 2012. – 148 б.
Уәли Н. Қазақ сөз мәдениетінің теориялық негіздері: филол. ғыл. док. ... автореф. – Алматы, 2007. – 54 б.
Приданникова К. «Круги Сократа»: как диалектический метод используется в обучении. [Электронный ресурс]. URL: https://4brain.ru/blog/krugi-sokrata-kak-dialekticheskij-metod-ispolzuetsja-v-obuchenii/ (дата обращения 11.12.2023)
Мухаметжанова Г. Қазақ тіліндегі көріктеуіш тілдік құралдардың лингвомәдени сипаты және оларды оқыту әдістемесі: филос. док. ... автореф. – Алматы, 2016. – 185 б.
Dursun B. A Qualitative Research Technique: Interview // Journal of Interdisciplinary Educational Research. – 2023. – №7(14). – P. 100–113. doi.org/10.57135/jier. 1245193.
Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде). [Электронды ресурс]. URL: https://ru.scribd.com/document/786528904/ (қаралған күні 19.05.2024)
«Қарақатпен шай». Қанат пен Света Айтбаевтар. Әлем таныған Димаш // Khabar TV. 10 наурыз 2019 жыл. [Электронды ресурс]. URL: https://m.youtube.com/watch?v=suiWe3ZnTKo&t=10m57s (қаралған күні 10.10.2023)
Киіз үй | Қазақ бренді. 10 шілде, 2023 жыл. [Электронды ресурс]. URL: https://www.youtube.com/watch?v=F_E3_8TUoZA. (қаралған күні 15.10.2023)
Исабек Б. Тәуелсіздік – ұлтымыздың ұлы мерекесі. [Электронды ресурс]. URL: https://shymkala.kz/index.php/interview/item/4376-barshag-l-isabek-t-uelsizdik-ltymyzdy-ly-merekesi (қаралған күні 15.10.2023)
REFERENCES
Qazaqstan Respublikasynda mektepke deiіngі, orta, tehnikalyq jane kasіptіk bіlіm berudі damytudyn 2023–2029 jyldarga arnalgan tujyrymdamasy [Concept for the development of preschool, secondary, technical and vocational education in the Republic of Kazakhstan for 2023-2029]. [Electronic resource]. URL: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P2300000249 (date of access 19.05.2024) [in Kazakh]
Balamurali E., Hariharasudan A., Merly T.G. Women In Society Through The Aspect Of Language // Journal of Intercultural Communication. – 2023. – №23(1). – P. 107–112. doi.org/10.36923/jicc.v23i1.149.
Shoqym G. Genderlіk lingvistika negіzderі: oqulyq [Basics of gender linguistics: textbook]. – Almaty: «Ekonomika baspasy» JShS, 2012. – 189 b. [in Kazakh]
Aleumettіk lingvistika terminderіnіn sozdіgі [Dictionary of social linguistics terms]. – Almaty: Arman-PV, 2020. 400 b. [in Kazakh]
Ahmetjanova Z. Ocherki po nacionalnoi konceptologii [Essays on national conceptology]. – Almaty: Eltanym, 2012. – 148 b. [in Russian]
Uali N. Qazaq soz madenietіnіn teorialyq negіzderі: filol. gyl. dok. ... avtoref. [Theoretical foundations of Kazakh word culture: abstract]. – Almaty, 2007. – 54 b. [in Kazakh]
Pridannikova K. «Krugi Sokrata»: kak dialekticheskiy metod ispolzuetsia v obuchenii [“Great Socrates”: how dialectical methods are used in training]. [Electronic resource]. URL: https://4brain.ru/blog/krugi-sokrata-kak-dialekticheskij-metod-ispolzuetsja-v-obuchenii/ (date of access 11.12.2023) [in Russian]
Muhametjanova G. Qazaq tіlіndegі korіkteuіsh tіldіk quraldardyn lingvomadeni sipaty jane olardy oqytu adіstemesі: filos. dok. ... avtoref. [Linguocultural nature of decorative language tools in the Kazakh language and methods of their teaching: abstract]. – Almaty, 2016. – 185 b. [in Kazakh]
Dursun B. A Qualitative Research Technique: Interview // Journal of Interdisciplinary Educational Research. – 2023. – №7(14). – P. 100–113. DOI: 10.57135/jier. 1245193.
Negіzgі orta bіlіm beru dengeiіnіn 5-9-synyptaryna arnalgan «Qazaq tіlі» panіnen janartylgan mazmundagy ulgіlіk oqu bagdarlamasy (oqytu qazaq tіlіnde) [Standard curriculum of updated content in the discipline “Kazakh language” for grades 5-9 of basic secondary education (training in the Kazakh language).]. [Electronic resource]. URL: https://ru.scribd.com/document/786528904/ (date of access 19.05.2024) [in Kazakh]
«Qaraqatpen shai». Qanat pen Sveta Aitbaevtar. Alem tanygan Dimash [“Tea with Karakat”. Kanat and Sveta Aitbaevs. Dimash recognized by the world] // Khabar TV. 10 nauryz 2019 jyl. [Electronic resource]. URL: https://m.youtube.com/watch?v=suiWe3ZnTKo&t=10m57s (date of access 10.10.2023) [in Kazakh]
Kiіz ui | Qazaq brendі [Yurt / Kazakh brand]. 10 shіlde, 2023 jyl. [Electronic resource]. URL: https://www.youtube.com/watch?v=F_E3_8TUoZA. (date of access 15.10.2023) [in Kazakh]
Isabek B. Tauelsіzdіk – ultymyzdyn uly merekesі [Independence is the great holiday of our nation]. [Electronic resource]. URL: https://shymkala.kz/index.php/interview/item/4376-barshag-l-isabek-t-uelsizdik-ltymyzdy-ly-merekesi (date of access 15.10.2023) [in Kazakh]