АНТИКАЛЫҚ ФИЛОСОФИЯ ТАРИХЫНДАҒЫ ҰРПАҚ ПЕН УАҚЫТ ҰҒЫМЫ

174 143

Авторлар

  • Т. ТҰМАШБАЙ Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Р. КЕМЕРБАЙ Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Кілт сөздер:

ұрпақ тәрбиесі туралы Платонның философиялық ойы, Аристотель адам тегі туралы, үздіксіздік, қозғалыс категориялары, ұрпақтар сабақтастығы мен уақыты, ұрпақтың тәрбиесі құрал ретінде.

Аңдатпа

Бұл мақалада антикалық философия тарихындағы адам тегінің қоғамдық қатынастардың субъектісі болып туындауына, қалыптасуына байланысты идеялар қарастырылды. Жалпы кез келген қоғамда ұрпақ өз дамуында екі сатыдан өтіп, әлеуметтік организмнің түріне айналады. Бұл, бір жағынан, адамның жай, қарапайым өз тегін жалғастырушы субъект ретінде қызмет атқаруымен анықталады. Екінші жағынан, адамның ұрпақ ретінде белгілі бір ұлттық болмыстың, миф, дін, мемлекет формасындағы идеологиялық тартыстың әрі объектісі, әрі субъектісі ретінде қарастырылады. Бұл негізді Л. Морган «societas» және «civitas» формаларында анықтаған. Сондықтан біз де мақалада ұрпақ ұғымының «civitas» формасындағы көрінісін зерттеуге тырыстық және мақала тақырыбының методологиясын Платонның, Аристотельдің идеалды мемлекет, ізгілікті қоғам, бақыт, адамдағы мақсаттылық секілді этикалық ойларынан алуға ұмтылдық. Платон мен Аристотельдің философиялық ойларындағы өзектілікті А. Шопенгауэр, К. Ясперс пікірлерімен толықтырып, қазіргі қазақстандық қоғамдағы адам болмысындағы мәселелерімен бірге қарастырдық. Аристотельдің уақыт, толассыздық, қозғалыс, мүмкіндік, болмыстың энтелехиясы секілді категорияларына сипаттамалары берілді. «Адам-ұрпақ» ұғымы уақыттың негізгі қасиеттері ретінде қолданылды. Платон адамды мемлекеттік биліктің құралы ретінде, өзінің қажеттіліктері мен мүдделеріне қатысты әлеуметтік қызметтерді шартсыз орындаушы тұлғасыздық тіршіліктің біріккен тұтастығы ретінде қарастырады. Аристотель бойынша: уақыт қозғалыс емес, бірақ ол қозғалыссыз, жансыз өмір сүре алмайды. Уақыттың субстраты қозғалыс болып табылады.

Әдебиеттер тізімі

Тоқаев Қ.К. Мемлекет басшысының жастар жылының жабылуына және волонтер жылының жариялануына байланысты баяндамасы. – Нұр-Сұлтан. – 2019.10.12 [Электронды ресурс]. – Режим доступа: http://www. akorda.kz.

Тұрсынбаева А.Ө., Малдыбек А.Ж. Дәстүрлі дүниетанымдағы мәдени-тарихи сабақтастықтың рөлі // Ясауи университетінің хабаршысы. – 2019. – №4 (114). – Б. 63–73.

Джонстон Д. Философияның қысқаша тарихы: Сократтан Дерридаға дейін. – Алматы: Ұлттық аударма бюросы қоғамдық қоры, 2018. – 216 б.

Абай. Қара сөз. – Алматы: Атамұра, 2019. – 191 б.

Ясперс К. Бүгінгі күні адам болмысы қалай түсінідіріледі. Әлемдік философиялық мұра. Өмір философиясы. 11-том. – Алматы: Жазушы, 2006. – 512 б.

Шопенгауэр А. Мир как воля и представление. Том 2. – М.: ООО «Попурри», 1999. – 832 с.

Платон. Собрание сочинений в 3 томах. Том 3 / Егунова А.Н. – М.: Мысль, 1971. Электронная библиотека «Гражданское общество» [Электронный ресурс]. – Режим доступа: http://www.civisbook.ru/.

Аристотель. Политика. В кн.: Сочинения в четырех томах. Том 4. / Под редакцией Доватур А.И. – М.: Мысль, 1983. Электронная библиотека «Гражданское общество». [Электронный ресурс]. – Режим доступа: http://www.civisbook.ru/.

Гуреевич П.С. Человек: мыслители прошлого и настоящего о его жизни, смерти и бесмертии. Древний мир – эпоха Просвещения. – М.: Политиздат, 1991. – 461 с.

Аристотель. Никомахова этика. В кн.: Сочинения в четырех томах. Том 4. / Под редакцией Доватур А.И. – М.: Мысль, 1983. – 828 с. [Электронный ресурс]. – Режим доступа: http://www.civisbook.ru/.

Аристотель. Сочинения в четырех томах. Том 1 / Под редакцией Асмус В.Ф. – М.: Мысль, 1975. – 550 с.

Тойнби А. Тарихи ойлау салыстырмалығы. Әлемдік философиялық мұра. XX ғасырдағы тарих философиясы. 16-том. – Алматы: Жазушы, 2007. – 544 б.

Нурышева Г.Ж. Философия тарихы. Оқу құралы. – Алматы: Зият пресс, 2005. – 180 б.

Поколения в социокультурном контексте XX века / Хренов Н. и др. – М.: Наука, 2005. – 357 с.

Энтони Кенни. Батыс философиясының тарихы. Антика философиясы. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» Қоғамдық қоры, 2018. – 407 б.

Реми Хесс. Философияның таңдаулы 25 кітабы. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» Қоғамдық қоры, 2018. – 359 б.

Жүктеулер

Жарияланды

2021-03-30

Журналдың саны

Бөлім

ФИЛОСОФИЯ, ДІНТАНУ