Тренинг – жасөспірімдер арасында суицидтік мінез-құлықтың алдын алу құралы ретінде
109 230
Кілт сөздер:
тренинг, суицид, психикалық денсаулық, әлеуметтік және физикалық денсаулық, суицидтік мінез-құлықты алдын алу, коммуникативтік құзыреттілік.Аңдатпа
Мақалада тренинг арқылы жасөспірімдер арасында суицидтік мінез-құлықтың алдын-алу мәселесі қарастырылады. Жасөспірімдердің суицидтік мінез-құлқының алдын алуда психологиялық тренингтің маңыздылығы, оның ішінде ерекше назарды коммуникативтік құзыреттіліктерге аудару қажеттілігі арнайы жүргізілген сауалнама нәтижелерінен анықталды. Тренинг – бұл эмоционалды интеллект пен коммуникативті құзыреттілікті дамытуға бағытталған оқытудың белсенді әдісі. Сонымен қатар, суицидтік мінез-құлықтың алдын алу мәселелері бойынша ықпал ету процесі жүзеге асырылады. Тренингтің артықшылығы – психологиялық жайлылық пен коммуникативті дағдыларды дамытуға ықпал етеді. Адамның өмірлік қиын жағдайлардан шығу кезеңінде жаңа өмірге қайта бейімделіп, алға қойған өзіндік мақсатына жетуімен қатар жеке бас ерекшеліктерінде де бірқатар өзгерістер болады. Мәселен, өзіндік сана-сезімі, өзіндік бағалауы, коммуникация мен мінез-құлық ерекшеліктері тұрақталады. Тренинг жасөспірімнің жеке тұлғалық әлеуетін ашуға және дамытуға арналған тапсырмалар мен жаттығулардан тұрады. Ал суицидтік мінез-құлықты алдын алуға бағытталып ұйымдасырылған психологиялық тренинг тұлғалық мәселелерді шешуге ықпал ететін, психологиялық көмек және қолдау көрсетуге бағытталған жаттығулар мен тапсырмалар кешені. Бұл тренингке қатысушылардың өз-өздерін зерттеуіне көмектеседі, өзін-өзі тереңірек ашу және сол арқылы өзін өзгерту мүмікіндігіне ие болады. Тренингте қатысушылар жеке тұлғалық және субъективті-әрекеттік әлеуетті ашуға көмектесетін стратегияларды, тактикалар мен әдістерді меңгереді, сондай-ақ тұлғалық өзгерулерге мүмкіндік алады. Жасөспірім уақытты тиімді пайдаланып, қоғамда дұрыс бағытта әлеуметтенуі арқылы теріс ойлардан арылуды үйренеді.
Әдебиеттер тізімі
Құлмағанбет Ә.Қ., т.б. Жасөспірімдер арасындағы суицидалды мінез-құлық және оның алдын алу жұмыстары: әдістемелік құрал. – Қостанай: «Қостанай баспа үйі» ЖШС, 2016. – 51 б.
Искакова П.К., Атаханова Л.М., Әбділәкім Ж., Акйол Х. Отбасындағы ана мен қыз бала арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктері // Ясауи университетінің хабаршысы. – 2020. – №4 (118). – Б. 127– 139. https://doi.org/10.47526/2020/2664-0686.042
Иванова С.С., Стафеева А.В. Содержательные аспекты физического, психического и социального здоровья и возможности формирования их гармоничного соотношения // Фундаментальные исследования. – 2014. – № 11-12. – С. 2729–2733.
Головин С.Ю. Словарь психолога-практика. – 2-е издание, переработанное и дополненное. – Минск: Харвест, 2007. – 976 с.
Кови Стивен Р. Жасампаз жандардың 7 дағдысы: тұлғаны дамытудың тегеурінді тетіктері. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ, 2018. – 352 б.
Старшенбаум Г.В. Тренинг навыков практического психолога: интерактивный учебник. Игры, тесты, упражнения. – Саратов: Вузовское образование, 2015. – 281 c.
Шахиджанян В.В. Ораторское искусство для начинающих: учимся говорить публично. – М.: Издательство «АСТ», 2020. – 416 с.
Заурбекова А.М. Жеке тұлғаны дамытудағы педагогикалық, психологиялық тренингтер жинағы: Оқу-әдістемелік құрал. – Тараз: ТарМПИ, 2017. – 204 б.
Кинякина О. Мозг на 100%. Интеллект. Память. Креатив. Интуиция. Интенсив-тренинг по развитию суперспособностей. – М.: Эксмо, 2011. – 848 с.
Биркенбиль В. Коммуникационный тренинг: Наука общения для всех / Пер. с нем. Н. Чупеева. – М.: ФАИР-ПРЕСС, 2002. – 352 с.
Смолова Л.В. Психологическое консультирование: учеб. пособие. 2-е изд., стереотип. – М.: ФЛИНТА, 2016. – 416 с.
REFERENCES
Qulmaganbet A.Q., t.b. Jasospirimder arasyndagy suisidaldy minez-qulyq jane onyn aldyn alu jumystary [Suicidal behavior among adolescents and its prevention]: adistemelik qural. – Qostanai: «Qostanai baspa uii» JShS, 2016. – 51 b. [In Kazakh]
Iskakova, P.K., Atahanova L.M., Abdilakım J., Akiol H. Otbasyndagy ana men qyz bala arasyndagy qarym-qatynastyn erekshelikteri [Peculiarities of the relationship between mother and daughter in the family] // Iasaui universitetinin habarshysy.– 2020. – №4 (118). – B. 127–139. https://doi.org/10.47526/2020/2664-0686.042 [In Kazakh]
Ivanova, S.S., Stafeeva, A.V. Soderjatelnye aspekty fizicheskogo, psihicheskogo i sosialnogo zdorovia i vozmojnosti formirovania ih garmonichnogo sootnoshenia [Content aspects of physical, mental and social health and the possibility of forming their harmonious relationship] // Fundamentalnye issledovania. – 2014. – №11–12. – S. 2729–2733. [In Russian]
Golovin, S.İu. Slovär psihologa-praktika [Practitioner Dictionary] / S.İu. Golovin. – 2-e izdanie, pererabotannoe i dopolnennoe. – Minsk: Harvest, 2007. – 976 s. [In Russian]
Stiven K.R. Jasampaz jandardyn 7 dagdysy: tulgany damytudyn tegeurindı tetikteri [7 skills of creative people: circular mechanisms of personality development]. – Almaty: «Ulttyq audarma biurosy» QQ, 2018. – 352 b. [In Kazakh]
Starshenbaum G.V. Trening navykov prakticheskogo psihologa: interaktivnyi uchebnik. Igry, testy, uprajnenia [A collection of pedagogical and psychological trainings for personal development]. – Saratov: Vuzovskoe obrazovanie, 2015. – 281 s. [In Russian]
Shahijanian V.V. Oratorskoe iskustvo dlia nachinaiushih: uchimsia govorit publichno [Oratory for Beginners: Learning to Speak in Public]. – M.: Izdatelstvo «AST», 2020. – 416 s. [In Russian]
Zaurbekova A.M. Jeke tulgany damytudagy pedagogikalyq, psihologialyq treningter jinagy [A collection of pedagogical and psychological trainings for personal development]: Oqu-adistemelik qural. – Taraz: TarMPI, 2017. – 204 b. [In Kazakh]
Kiniakina O. Mozg na 100%. Intelekt. Pamiat. Kreativ. Intuicia. Intensiv-trening po razvitiu supersposobnostei [Brain 100%. Intelligence. Memory. Creative. Intuition. Intensive training for the development of superpowers]. – M.: Eksmo, 2011. – 848 s. [in Russian]
Birkenbil V. Komunikacionnyi trening: Nauka obshenia dlia vseh [Communication Training: The Science of Communication for All] / Per. s nem. N. Chupeeva. – M.: FAİR-PRES, 2002. – 352 s. [in Russian]
Smolova L.V. Psihologicheskoe konsultirovanie [Psychological counseling]: ucheb. posobie. 2-e izd., stereotip. – M.: FLİNTA, 2016. – 416 s. [in Russian].