ОНЛАЙН БІЛІМ БЕРУ ПЛАТФОРМАЛАРЫ АРҚЫЛЫ АРАЛАС ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ

457 353

Авторлар

  • Р.И. КАДИРБАЕВА Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті
  • М.Е. БЕДЕБАЕВА Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

Кілт сөздер:

аралас оқыту, төңкерілген сынып, онлайн оқыту, білім беру платформалары, Microsoft Teams.

Аңдатпа

2020 жылдан бастап әлемдік пандемия жағдайында білім беру мекемелері карантинге жабылып, онлайн режимінде оқытуға мәжбүр болғандықтан, біз бүгін онлайн мен дәстүрлі оқытуды интеграциялайтын аралас оқыту жағдайына келдік. Сол себепті мақалада аралас оқытудың модельдері мен принциптері және оны онлайн білім беру платформалары арқылы қолдану мүмкіндіктері қарастырылады. Онлайн білім беру платформалары ішінде Microsoft Teams платформасы арқылы аралас оқыту технологиясының «Төңкерілген сынып» моделін қолдану мүмкіндіктері ашылады. Платформаны пайдалану кезінде оның әрбір элементін сауатты ойластыру, оны білім алушы үшін қолжетімді және қызықты ету маңызды. Осы ретте онлайн білім беру платформаларының атқаратын рөлі зор. Аралас оқыту жағдайында мұғалімдердің онлайн платформаларда жұмыс істеуді игеріп, пәндік деңгейде оқу үдерісін жобалаудың әдіс-тәсілдерін жетік меңгеруі заман талабы болып табылады. Бұл зерттеу барысында білім алушылардан аралас оқыту технологиясын қолдануға байланысты ой-пікірлерді білу мақсатында жүргізілген сауалнама нәтижесінен де байқалады. Аралас оқытудың «Төңкерілген сынып» моделі Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің информатиканы ағылшын тілінде оқитын 11-сынып білім алушыларын сыртқы жиынтық емтиханына Microsoft Teams платформасы арқылы дайындау мақсатында қолданылды. Білім алушыларға жүргізілген формативті бағалау нәтижелері өңделіп, нәтижесінде аралас оқыту технологиясын қолданудың тиімділігі негізделді. Осылайша, зерттеу нәтижесінде білім беруде аралас оқыту технологиясын қолдану білім алушылардың өз бетінше білім алу дағдылары мен жауапкершілігін жақсартады, бұл өз кезегінде білім сапасын арттырады деген қорытынды жасалды.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-09-30

Журналдың саны

Бөлім

ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПӘНДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ