ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТОПОНИМДЕРІНДЕГІ ТҮР-ТҮС АТАУЛАРЫНЫҢ РЕПРЕЗЕНТТЕЛУ ЕРЕКШЕЛІГІ
130 115
Кілт сөздер:
қазақ, ағылшын, топоним, түр-түс, мәдениет, номинация, этнос, оним.Аңдатпа
Мақалада қазақ және ағылшын топонимдерін когнитивтік лингвистика тұрғысында зерттеп топонимдердегі жүйелі сипаттау түр-түс атауларының репрезенттелуі мен қабылдауын түсіндіру механизмі және осы механизмдердің құрылу ұстанымдары қарастырылады. Топонимдерді әлемнің тілдік бейнесі – адам және қоршаған орта қарым-қатынасының санада өңделген шындығының тілдегі көрінісі ретінде талданады. Топонимдердің когнитивтік зерттеулердегі қазіргі кезеңі тілді когнитивті кіші жүйелердің бірі және қоршаған шындықты тұжырымдауда ономастикалық лексика ретінде қарастыруын қамтиды. Әлемнің жалпы ұлттық топонимиялық бейнесінің құрамында түр-түс атауларына қатысты жасалған жер-су атауларының уәжділігін анықтайды. Екі тілде де қолданылатын түр-түс атрибуттарынан номинацияланған онимдік апеллятивтердің тіркесуін зерттейді.
Топонимдер құрамындағы түстер географиялық объектілердің ерекшеліктерімен және оларды адамның көру мүшелерінің қабылдау ерекшеліктерімен байланысты қарастырылады. Сыртқы әлем әр түрлі халықтарға ерекше идиоэтникалық үлгілер түрінде берілуіне байланысты, түрлі этностардың топонимдерінде түс-таңбалары жаңа қырларынан танылады. Мақалада үлгі ретінде берілген жер-су атауларындағы кеңістіктің түстік сипаттамалары қарастырылады. Географиялық атаулардың түс құрамдастарының табиғатына әр түрлі көзқарастар талданады, түстің символдық және бағдарлы түсіндірілу мүмкіндігі көрсетілген. Топонимдер құрамындағы түстердің көкжиек көрсеткіші ғана емес, бағдар функциясын да орындай алатындығы назардан тыс қалмайды. Топонимдер құрамында түстің бағдар символизмі номинацияланатын объектінің табиғатына байланысты зерттеу нәтижелері де беріліп отыр.
Әдебиеттер тізімі
Мейрбеков А.К., Тасполатов Б.Т. Этностың мәдени-мифологиялық танымының негізін құрайтын Қазығұрт аймақтық топонимдер мен аңыздардың заманауи бейнелері //Ясауи университетінің хабаршысы. – 2019. – №1. – Б. 219–220.
Тілеубердиев Б.М. Қазақ ономастикасының лингвокогнитивтік аспектілері. – Алматы: Арыс, 2006. – 368 б.
Әбдірахманов Ә. Қазақстан топонимикасының кейбір мәселелері: филол. ғыл. канд. ... дис. – Алматы, 1975. – 120 б.
Абдрахманов С.А. Топонимическая политика как зеркало возрождения государственности Казахстана // Саясат. – 1996. – №12. – Б. 22.
Куйчубаев Е. Основные типы топонимов Семиречья: автореф. ... канд. филол. наук. – Алма-Ата, 1967. – 22 б.
Бекенова Г.Ш. Қазақстанның солтүстік өңірі гидронимдері (семантикалық типология): филол. ғыл. канд. ... автореф. – Алматы, 2002. – 15 б.
Тасполатов Б.Т. Қазығұрт өңірі топонимиясының этнолингвистикалық сипаты. – Алматы, 2010. – 17 б.
Рысберген Қ. Қазақ топонимиясының лингвокогнитивтік және этномәдени негіздері: филол. ғыл. канд. ... автореф. – Алматы, 2010. – 64 б.
Қожанұлы М. Атырау облысының жер-су аттары. – Астана, 2005. – 102 б.
Манкеева Ж. Қазақ тілінің заттық мәдени лексикасы: филол. ғыл. канд. ... автореф. –Алматы, 1997. – 53 б.
Вайсгербер Й.Л. Родной язык и формирование духа. – М.: Книжный дом «ЛИБРОКОМ», 2009. – 232 с.
Мурзаев Э.М. Топонимика и география. – М.: Наука, 1995. – 179 с.
Будур Н.В. Повседневная жизнь викингов IX−XI века. – М.: Молодая гвардия, 2007. – 201 с.
Суперанская А.В. Имя через века и страны. – М.: ЛКИ, 2007. – 192 с.
Мурзаев Э.М. Географическая ориентация и ее отражение в топонимии // Известия РАН. – Серия географическая. – 1993. – №4. – С. 35–42.
Бочкарева Т.В. Система цветообозначений в древнеанглийском // Наименования цвета в индо-европейских языках: Системный и исторический анализ / Отв. ред. А.П. Василевич. – М.: КомКнига, 2007. – С. 112–125.
Мостепаненко Е.М. Свет в природе как источник художественного творчества // Художественное творчество. – М., 1986. – 99 с.
Cambridge International Dictionary of English. – London, 1995. – 63 р.