ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ КЕСЕНЕСІНІҢ ЖОҒАЛҒАН ҚҰНДЫ ЖӘДІГЕРІ – ЕСІК ТҰТҚАЛАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ
99 226
Кілт сөздер:
Қожа Ахмет Ясауи, қабірхана, тұтқалар, жазу өрнектері, сульс, шебер, Исфахани.Аңдатпа
Мақалада Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі қабірхана есігінің екі балғасының жасалуы, үлкен ортағасырлық ислам мәдениеті кеңістігіндегі даму ерекшеліктері, XIX ғасырдың екінші жартысында, XX ғасырда зерттелу мен саралануы қарастырылады.
1959 жылы жоғалған қабырхана есігінің екі қола тұтқасының жасалу ерекшеліктері мен құнды жәдігер ретіндегі маңызы көрсетіледі. Аталған екі тұтқаның алғашқы суреттері, мақалалар XIX ғасырдың екінші жартысында, 1860 жылдары Түркістанда болған А. Гейнстің еңбектерінде, сол сияқты суретші А. Верещагиннің «Түркістан сериясындағы» суреттерінде, зерттеуші Н.И. Веселовскийдің XIX ғ. екінші жартысында 1884 жылдары жазған мақаласында, 1896 ж. П.Н. Ахмеровтың мақаласында баяндалған.
1905 жылы Н.И. Веселовский басқарған экспедициясына қатысқан А. Гуржиенко тұтқалардың табиғи көлеміне сай суретін салып, қазіргі кезеңде зерттеулерде бұл жан-жақты саралануда.
1935 жылы Иран өнері мен археологиясына арналған конгрестегі мақалада А.Ю. Якубовский Ясыға келген Исфахандық Изз ад-дин Тадж ад-дин Исфахани және Гур Эмирдегі есікті жасаған шебердің ныспысының бір мекеннен екенін байқауға мүмкіндік береді.
Белгілі ғалым сәулетші Т.К. Бәсеновтың XX ғ. 40 жылдардағы еңбегі де бұл тұтқалардың қазіргі кезеңдегі зерттелуіне жол ашқан еңбек.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі құнды жәдігерлер, соның ішінде 1959 жылы жоғалған қабірхана есігінің қола тұтқаларының жан-жақты зерттелуінде ерекше еңбек еткен ғалым А.А. Иванов болды. Мақалада қола тұтқалардың орта ғасырлық ислам өнеріндегі мәні мен маңызы, даму ерекшеліктері қарастырылады.