БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМНІҢ БАҚЫЛАУ-БАҒАЛАУ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ

131 264

Авторлар

  • Г.Т. МҰСАБЕКОВА Орталық Азия инновациялық университеті
  • С. ТУНА Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Кілт сөздер:

болашақ мұғалім, модель, қалыптастыру, құзыреттілік, әдістеме, дайындық, кәсібилік, бақылау және бағалау құзыреттілігі.

Аңдатпа

Мақалада мұғалімнің бақылау-бағалау құзыреттілігі мәселесіне талдау жасалған. Отандық және шетелдік әдебиеттерді талдау негізінде «бақылау және бағалау құзыреттілігі» ұғымдарының мәні мен мазмұнына әр түрлі көзқарастар көрсетілген. Талдау көрсеткендей, бағалаудың объективтілігі мәселесі педагогикалық квалиметрияның негізгі мәселелерінің бірі болып табылады. Қазіргі уақытта ғылым объективті бақылау әдістері мен құралдарын, бағалау критерийлерін, өлшеу процедураларын, құралдарды және т.б. қарқынды іздеумен айналысуда. Іздеу бағыттарының бірі білім берудегі құзыреттілік тұрғысынан бақылау және бағалау құзыреттілігінің мәнін анықтаумен байланысты.
Мақалада бақылау-бағалау құзыреттерін (ББҚ) қалыптастыру мәселесіне арналған психологиялық-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді талдау нәтижелері келтіріледі, оның функциялары ерекшеленеді, тиісті құзыреттердің жіктелуі нақтыланады.
Авторлар ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді, педагогикалық жоғары оқу орындары оқытушыларының қызметін және мектеп мұғалімдерінің жұмысын талдау негізінде бақылау-бағалау құзыреттерін қалыптастыру моделін жасаған.
Модельдің құрылымы мен мазмұны былай ашылған: а) студенттердің ЖОО оқытушылары мен мектеп мұғалімдерінің бақылау-бағалау қызметін бақылауы; ә) студенттерді бақылау-бағалау құзыреттерінің теориялық негіздеріне оқыту; б) педагогикалық практикада бақылау-бағалау құзыреттерін дамыту; в) студенттердің бақылау-бағалау құзыреттерінің қалыптасуын бақылау және олардың өзін-өзі бақылауы.
Сондай-ақ, мақалада болашақ мұғалімдердің бақылау-бағалау құзыреттерін қалыптастыру жолдары мен құралдары анықталған, болашақ мұғалімдердің бақылау-бағалау құзыреттерін қалыптастыру әдістемесінің тиімділігі эксперименталды түрде негізделген. Мұны эксперимент нәтижелері де дәлелдейді.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-06-30

Журналдың саны

Бөлім

ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПӘНДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ