РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ОРТА МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУ

99 305

Авторлар

Кілт сөздер:

Рахымжан Отарбаев әңгімелері, қазақ әдебиетін оқыту, әдістеме, көркем шығарма, мектеп оқулықтары, жаңа концепция.

Аңдатпа

Әрбір сөздің тірі жаны, өзіндік психологиясы бар. Сөз – құдірет. Сондықтан оны орнымен қолдану, орнымен жұмсай білу дегеніңіздің өзі екінің бірінің басына қонбайтын ұлы ақсүйек өнер. Сөз ұстасы болу, әлемді билегеннен де әлдеқайда қиын мәселе. Жазушы Рахымжан Отарбаев шығармалары қысқа, түйінді, айтарын жинақы ғана бейнелейтін тілмен беріледі. Көпіріп өтірік сөз бен жылтырақ бояу қоспайды. Шынайы өмірде қалай болса, соны айнытпай қағаз бетіне түсіріп оқырманға ұсынады. Мына қоғамның қазір ұзын сонарлы, өтірік мақтау мен даттауға толы, жылтырақ бояуы мен көбігі бетін жапқан шығармаларды оқып отыруға шыдамы да, жүйкесі де жетпейді. Рахымжан Отарбаев шығармаларының әлемдік аренадан да оқырмандар сұранысына ие болуы автордың қысқа-нұсқа, өткір де тұжырымды тілдік қолданысынан болса керек.
Балаға, немесе өскелең ұрпаққа тәрбие бірінші өзінің ата-анасынан, отбасынан болса, екінші тәрбие мектеп құшағынан, ұстаздар ұлағатынан болады. Ал, одан кейінгі үшінші тәрбие өзіміз жасап жатқан қоғамдық өмірден болмақ. Осы стеореотипті сақтай отырып, Рахымжан Отарбаев әңгімелерін мектеп бағдарламаларына ендірудегі оңтайлы көзқарастарды айту, дәлелді пікірлерді зерттеу арқылы жеткізу мақаланың негізгі өзегі болып табылады.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-06-30

Журналдың саны

Бөлім

ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПӘНДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ