Ги де Мопасанның әңгімелерін «Пьер мен Жан» және «Мадмуазель Фифи» мысалында бағалау
185 191
Кілт сөздер:
баяндау, Ги де Мопассан, француз әдебиеті, реализм, натурализм.Аңдатпа
Болған немесе басынан кешуі мүмкін оқиғаларды кеңістік пен уақыт аясында қарастыру арқылы дамыған оқиғаны баяндау XIX ғасырдың екінші жартысында Ги де Мопассан шығармалары арқылы заманауи үлгілерді бере бастады. Романдары мен басқа да шығармаларына қарамастан, әсіресе әңгімелерімен танылған Мопассан Флобер арқылы Эмиль Золя, Дауде және Гюйсманмен танысып, француз әдебиетінің әңгіме дәстүріне өз үлесін қосты. Өзі туып-өскен ортаның мотивтерін жеткізген автор түрік әдебиетіндегі көптеген жазушыларға, әсіресе Өмер Сейфеттинге әсер етті. Оқиғаны баяндаудың негізін құрайтын кеңістік пен кейіпкердің үйлесімі автор әңгімелерінде алдыңғы орынға шығады.
Сондай-ақ неміс философы Шопенгауэрдің ықпалымен әңгімелерін пессимистік дүниетанымға бағыттаған Мопассанның бұл жолы қаһарманды талдауда тиімді болып, өзі туып-өскен орта шығармаларында тікелей көрініс тапқан.
Бұл зерттеудің мақсаты Ги де Мопассанның «Пьер мен Жан» және «Мадмуазель Фифи» шығармаларын әлем әдебиетіндегі оқиғаны баяндау деп аталатын оқиға стилі аясында, оқиғаны қорытынды, түйін және шешу жоспарларымен жеткізу арқылы салыстыра
зерттеуге негізделген. Зерттеуде Мопассанның өзіне тән әңгімелеу үлгілері қамтылған әрі
бұл екі еңбек сапалы зерттеудегі деректер жинау әдістерінің бірі – құжатты талдау арқылы
бағаланды. Зерттеу нәтижесінде қарастырылған шығармалардан Мопассанның әңгіме айту
үлгісі болып табылатын кейіпкерлерді талдау, табиғат-кеңістік қатынасы және реалистік
стиль элементтері де орын алады.