Мақалаға қойылатын талаптар

Мәтіндерді көшіру және плагиат

Плагиат үшін ғылыми мақалаларды тексеруді журналдың жауапты хатшысы «Ахмет Ясауи университетінде жазбаша жұмыстарды плагиатқа тексеру Ережесіне» (УЕ-ХҚТУ-100-2019) сәйкес жүргізеді. Ғылыми мақалаларды тексеру Antiplagiat.com лицензияланған плагиатқа тексеру жүйесінің көмегімен жүзеге асырылады (https://iktu.kz.antiplagiat.com). Ғылыми мақала бұрын жарияланбаған және басқа басылымдарда жариялауға арналмаған ғылыми зерттеулердің нәтижелерін ұсынуы керек.

Журналға жариялау үшін ұсынылған ғылыми мақалалар мәтінінің түпнұсқалығы кем дегенде 75% құрауы керек. Түпнұсқалық нормаға сәйкес келмеген жағдайда мақала қайтарылады. 75%-дан жоғары нәтиже көрсеткен, журналдың профиліне және басылымға қойылатын талаптарға сәйкес келетін мақала қарауға қабылданады және рецензиялауға жіберіледі.

Мақаланы рецензиялаудың түрі мен тәртібі

Журналдың редакциясына жіберілген барлық ғылыми мақалалар міндетті түрде қос (екі) жасырын тексеруден өтеді (рецензент қолжазбаның авторларын білмейді, қолжазба авторлары рецензенттерді білмейді).

Мақалаларға пікір беруді рецензенттер – ішкі және сыртқы/шетелдік ЖОО-дың тиісті білім және ғылым саласындағы жетекші сарапшылары жүзеге асырады. Мақаланы сараптау үшін нақты рецензентті таңдау туралы шешімді редакторлар қабылдайды. Қарау мерзімі – 3-4 апта, бірақ рецензенттің өтініші бойынша оны ұзартуға болады.

Әрбір рецензент қолжазба материалдарын қабылдауға әсер ететін айқын мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда сараптаудан бас тартуға құқылы. Рецензент қолжазбаны қарау нәтижелері бойынша өз ұсыныстарын береді:

1. «Мақаланы қабылдау» - егер қолжазбада түсініктемелер болмаса, ғылыми зерттеулердің өзектілігі мен ерекшелігінің талаптарына жауап берген жағдайда қолжазба журналға ұсынылатын жарияланымдар тізіміне енгізіледі;

2. «Мақала қосымша өңдеуді талап етеді» - бұл жағдайда мақала авторларға ескертулерді жою үшін жіберіледі. Рецензенттің ескертулеріне сәйкес түзетілген мәтінді алғаннан кейін редакция мақаланы рецензенттің қарауына екінші рет жібермей, оны жариялауға ұсыну мүмкіндігі бар.

3. «Мақаланы қайта рецензиялауға жіберу» - бұл жағдайда мақала авторларға ескертулерді жою үшін жіберіледі. Түзетілген мәтінді алғаннан кейін редакция мақаланы рецензенттің қарауына екінші рет жібереді. Егер рецензенттің мақалаға елеулі ескертулері болған жағдайда, мақала үшінші рет рецензенттің қарауына жіберіледі. Үшінші ретінде елеусіз ескертулер болса, редакциялық кеңестіңшешімімен жариялауға ұсынылады немесе бұдан кейін де рецензенттің оң пікірі болмаса мақала редакция шешімімен одан әрі қайта қарау құқығынсыз қайтарылады.

4. «Мақаланы қабылдамау» - бұл жағдайда, екінші рецензенттің пікірі оң болса, үшінші рецензентке жіберіледі. Егер де үшінші рецензенттің де пікірі теріс болса, редакциялық кеңестің шешімімен қабылданбайды.

Редакцияның келесі отырысында пікірлер алынғаннан кейін алынған мақалалар туралы мәселе қаралады және рецензенттердің қорытындылары негізінде мақаланы жариялау немесе жариялаудан бас тарту туралы түпкілікті шешім қабылданады.

Мақаланы жариялау үшін баспаға дейінгі дайындау міндетті болып табылады және техникалық редакциялаудан тұрады, қабылданған форматтау стандарттары мен журналға мақалаларды жариялау ережелерінің сақталуын қадағалайды.

Мұрағаттау және қолжетімділік

«Turkic historical studies» журналының ресми сайтында (OJS платформасы) оның мазмұны мен толық мәтініне қолжетімділік қамтамасыз етіледі. Бұл дүниежүзілік ғылыми қауымдастық ауқымындағы қолжетімділікті жақсарта түсетіні анық. Сонымен қатар журналдың сайтында авторлар мен оқырмандар үшін журналдың қызметі туралы қажетті барлық ақпараттар көрсетілген: жариялау шарттары, қолжазбаларды рәсімдеу және журналға ұсыну ережелері қолжазбаларды рецензиялау тәртібі, жарияланым этикасы, редакциялық алқа туралы мәліметтер, басылымның қызметкерлерімен байланыс орнату деректері ұсынылған.

Журналдың барлық оқырмандары мен авторлары басылымның ағымдағы электрондық нұсқаларымен және бұрынғы жылдардағы мұрағаттарымен толық таныса алады.