ДӘСТҮРЛІ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ӘМЕҢГЕРЛІК САЛТЫ

Авторлар

  • Г. СЫЗДЫҚОВА Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
  • Г. ПРИМКУЛОВА Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Кілт сөздер:

әмеңгерлік, салт, дәстүр, қалың мал, дәстүрлі қазақ қоғамы, жесір, әдет-ғұрып, мал-мүлік, жетімдік, әмеңгер құқығы

Аңдатпа

Мақалада қазақ халқының ежелгі замандарда пайда болып, қазіргі тұрмыста да ара-кідік орын алып отыратын «әмеңгерлік» салты туралы баяндалады. Қазақ даласын зерттеген орыс және қазақ этнографтарының, ғалымдардың еңбектері негізге алына отырып, бұл салттың мәні мен мазмұны терең зерделенді. Әмеңгерлік салт күйеуі ӛліп жесір қалған әйелдің одан арғы жеке басының тағдырын, соған қатысты балалары мен күйеуінен қалған мал-мүлік мәселелерін шешті. Авторлар жесір тағдырын шешкенде қазақ қоғамының алдымен жесір мен оның балаларының жағдайын ескергеніне назар аударады және марқұмның балаларының жетім қалмауы, жесірдің қорғансыз қалып, кӛз-түрткі болмауы мәселелерінің қалай шешілгендігін талдайды. Мақалада деректер негізінде жесірдің ӛз ырқынсыз күйеуге берілмегені, қазақ дәстүрінің бұл мәселені жесірге оңтайлы шешкені, бірақ, оның жүріс-тұрысы бақылауда болғаны қарастырылады. Авторлар дәстүрлі қазақ қоғамы әйелдің жүріс-тұрысына шектеу қою арқылы оның абыройын ойлады, руында күйеуінің статусын ала алған жесір қамсыз ӛмір сүре алды деген қорытынды жасайды. Дегенмен, әмеңгерлік салттың оң жақта отырып жесір атанған қыздарға, яғни, қалың малы тӛленіп, әлі некелесіп үлгермеген қалыңдыққа қолданылуы әйел тағдырын аянышты етті. Қазақ әдет-ғұрыптарының ішіндегі гуманистік түсініктен келіп шыққан бұл салт дәстүрлі қазақ қоғамында ұзақ уақыт ӛмір сүрді. Кеңес билігі тұсында әмеңгерлік «феодалдық надандықтың сарқыншағы» ретінде қаралып, ұмытыла бастады, салт-дәстүріміз біржақты бағалауға ұшырады.

Автор өмірбаяндары

Г. СЫЗДЫҚОВА, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

ф.ғ.к., Ӛ.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің доценті, Шымкент қ.

Г. ПРИМКУЛОВА, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

тарих ғылымдарының кандидаты,
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің доценті

Жүктеулер

Жарияланды

2024-06-30

Журналдың саны

Бөлім

Этнология