МҦСТАФА ШОҚАЙ ЖӘНЕ ӘСКЕРИ ТҦТҚЫНДАР ТАҒДЫРЫ ТУРАЛЫ ДЕРЕКТЕР

Авторлар

  • Н. КАТТАБЕКОВА Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
  • Ш НУРМАНОВА Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Кілт сөздер:

тұтқындар, соғыс алаңы, әскери жауынгерлер, легион, қуғын-сүргін.

Аңдатпа

Мақалада 1941-1945 жж. соғыс кезінде Германия жағына тұтқынға түскен қазақтардың тағдыры, оларды ӛзіне қызмет етуге мәжбүрлеген фашистер билігінің Түркістан легионын қалай құрғаны баяндалады. Тұтқынға түсіп, еліне оралғандардың да тағдырына ерекше назар аударылған.
ІІ дүниежүзлік соғыс жылдарында немістердің тұтқынында болған миллиондаған кеңес әскері жауынгерлерінің тарихына арналған. Соғыс тұтқындарына қатысты қолданылған заңсыз іс-әрекеттерді деректік тұрғыда талдаған зерттеулердің мәліметіне сүйеніп, қорытындылар жасалғаны айтылады. Соғыс тұтқындарының арасында түркі халықтарының ӛкілдерінің де кӛп болуы неміс басшылығын оларда кеңес ӛкіметіне қарсы пайдалану жоспарын дүниеге әкелді. Концлагерьлерде адам тӛзгісіз жағдайда ұсталған Түркістандықтарға кӛмек қолын созған М.Шоқайдың қайраткерлік қызметі талдау нысанына алынады. Шоқайды айыптау мақсатында оны Түркістан легионын құрды деп кінәлады. Кеңестік идеологияның қалыптастырған «отанын сатқан опасыз» деген айыптауының негізсіз екендігі баяндалады. Сонымен бірге, тұтқын мәселесін зерттеуде майданға кірген солдаттардың кӛңіл-күйіне, әлеуметтік жағдайына, қазақ елінің опан-топанын шығарған Кеңес ӛкіметінің кӛзқарасына онша мән бермегені, ІІ дүниежүзілік соғыс басталғанда кеңес қоғамы саяси да, этникалық, не әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан біртұтас болмағаны баяндалады. Ауқатты шаруаларды тәркілеу, ауылшаруашылығын күштеп ұжымдастыру, діни қауыммен күрес, саяси қуғын-сүргіндер ұрыста теріс әсер етті. Сондықтан түркістандық соғыс тұтқындары арасында саусақпен санарлықтай болса да, немістерге ӛз еркімен берілгендердің болғаны туралы баяндалады.

Автор өмірбаяндары

Н. КАТТАБЕКОВА, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

тарих ғылымдарының кандидаты,
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің доцент м.а.

Ш НУРМАНОВА, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің аға оқытушысы

Жарияланды

2024-06-30

Журналдың саны

Бөлім

Тарих