Editorial policy of the journal

Журналдың редакциялық саясаты

«Turkic historical studies» журналының редакциясы (бұдан әрі – журнал) өз қызметінде кәсібилік, объективтілік, ғылымилық, бейтараптылық принциптерін басшылыққа алады. Олар ғылыми басылымды дайындауға және ғылыми-зерттеу нәтижелерін таратуға қатысты этикалық міндеттемелерді өз жауапкершілігіне алады.

Журналдың негізгі мақсаты - тарих ғылымдары саласындағы өзекті зерттеулердің нәтижелерін жариялау, тарихтың өзекті мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту, ғылым саласы бойынша теориялық-әдіснамалық, деректік және концептуалдық жаңа ғылыми ақпараттармен алмасу.

Журналдың міндеті – тарих ғылымындағы жаңалықтардың қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету, тарихи ойды дамыту.

Журналдың тақырыптық бағыты - түркі мемлекеттері және түркі халықтарының тарихы негіз болған зерттеулердің нәтижелерін жариялау және бағыттың дамуына ықпал еткен алдыңғы қатарлы ғалымдардың концепцияларын өрбітетін мақалалар жариялау.