Ғылым бөлімі кафедралар мен бөлімдердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіреді және оларды ғылым мен ғылыми зерттеулер саласындағы ақпаратпен қамтамасыз етеді.

Журналдар

  • Ясауи университетінің хабаршысы

    "Iasaýı ýnıversıtetіnіń habarshysy" журналы Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат істері жөніндегі ұлттық агенттігінде1996 жылғы 8 қазанда  тіркеліп,  Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің қайта тіркеуден өтіп, N232-Ж куәлігі берілген.  Шығу жиілігі: 3 айда 1 рет. МББ тілі: қазақша, түрікше, орысша, ағылшынша. Индекс № 75637. Журнал 2013 жылдың қаңтар айынан бастап Париж қаласындағы  ISSN (International Standard Serial Number) орталығында тіркелген. ISSN 2306-7365 (print), e-ISSN 2664-0686 (online).

  • Q.A.Iasaýı atyndaǵy Halyqaralyq qazaq-túrіk ýnıversıtetіnіń habarlary

    Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің хабарлары (математика, физика, информатика сериясы) журналы 2017 жылдан бастап жылына 4 рет жарыққа шығады. Журналға Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігі, байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің мерзімді баспасөз басылымын және ақпараттық агенттікті есепке қою туралы куәлігі №15721-Ж (04.12.2015ж.) алынды. Журнал 2016 жылғы мамыр айынан бастап Париж қаласындағы халықаралық ISSN орталығында тіркелген (ISSN 2524-0080).

  • Turkology

    2002 жылы 9-12 қазан аралығында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде өткен дәстүрлі І халықаралық Түркология конгресінде қазіргі заманғы түркология ғылымының өзекті мәселелерін жариялау мақсатында «Түркология» журналын жүйелі түрде шығарып тұру туралы қарар қабылданды. Журнал сол уақыттан бастап тұрақты түрде екі айда 1 рет (жылына 6 рет) басылып шыға бастады (№3200-Ж. 07.09.2002). 2003 жылғы мамыр айынан Париж қаласындағы халықаралық ISSN орталығында (ISSN 1727-060Х), ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің мерзімді баспасөз басылымы және ақпараттық агенттігінде (Куәлік № 55-97-Ж 18.ІІ.2005 ж.), 2019 ж. 15 маусымда Халықаралық сериялық басылымдарды тіркеу орталығында (ISSN:2664-3162 (online)) тіркелген.

    2021 жылғы қаңтардан бастап жылына 4 (төрт) рет жарық көретін «Түркология» журналы наурыз, маусым, қыркүйек, желтоқсан айларының соңына дейін жарияланып, электронды нұсқасы журналдың сайтына енгізіледі.

    Жазылу индексі №75706. «Қазпошта» АҚ-мен №10000041-2020-90539 келісім-шарт түзілген.