Мақалаға қойылатын талаптар

Мақала құрылымы (мақаланы рәсімдеу үшін ҮЛГІ-ні қолданыңыз):

Алғашқы бет:

  • Бірінші жолда – ҒТАМР нөмірі (ерекше жағдайларда ӘОК), туралануы – сол жақ шетке қарай, шрифт – қалың.
  • Мақала тақырыбы (БАС ӘРІПТЕРМЕН) мақаланың мәні мен мазмұнын айқындап тұруы қажет және оқырманның назарын аударарлықтай болуы қажет. Тақырып қысқа, ақпаратты болуы әрі жаргон сөздер немесе қысқарған сөздерді қамтымауы керек. Тақырыптың лайықты ұзындығы – 5-7 сөзден (кей жағдайда 10-12 сөз) құралады. Мақала тақырыбы міндетті түрде қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылуы шарт. Мақала тақырыбы қалың шрифтімен, бас әріптермен жазылады, туралануы – орталыққа қарай.
  • Мақала авторы (-лары) – Инициалдар мен тегі, жұмыс орны (мүшелігі/аффилиация), қала, мемлекет, электронды пошасы – қазақ, орыс және ағылшын тілінде жазылады.
  • Аңдатпа көлемі қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 150 сөзден кем болмауы тиіс.
  • Аңдатпа құрылымы келесідей МІНДЕТТІ тармақтарды қамтиды:
  • Зерттеу тақырыбы жайлы кіріспе сөз,
  • Ғылыми зерттеудің мақсаты, негізгі бағыттары мен ойы,
  • Жұмыстың ғылыми және тәжірибелік мәнінің қысқаша сипаттамасы,
  • Зерттеу әдіснамасының қысқаша сипаттамасы,
  • Зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері, талдаулар мен қорытындылар,
  • Жүргізілген зерттеудің құндылығы (аталмыш жұмыстың сәйкес білім саласына қосқан үлесі),
  • Жұмыс қорытындысының тәжірибелік мәні.
  • Түйін сөз/тіркестер – қазақ, орыс және ағылшын тілінде 3-5 сөз.

Келесі бет (жаңа):

  • Кіріспе келесідей негізгі элементтерден құралады:
  • Тақырып таңдау негіздемесі; тақырыптың немесе проблеманың өзектілігі. Тақырыпты таңдау негіздемесінде ілгергілердің тәжірибесінің сипаттамасы негізінде проблемалық жағдаяттардың бар-жоқтығы хабарланады (белгілі бір зерттеудің болмауы, жаңа нысанның пайда болуы және т.б.). Тақырыптың өзектілігі осы тақырыпты оқуға деген жалпы қызығушылықпен анықталады, бірақ қойылған сұрақтарға толымды жауаптың болмауынан тақырыптың теориялық немесе тәжірибелік маңыздылығымен дәлілденеді.
  • Жұмысыңыздың нысаны, пәні, мақсаты, міндеті, әдісі, тәсілі, болжамы мен маңызыдылығын анықтау. Зерттеу мақсаты тезис дәлелдерімен байланысты, яғни зерттеу пәнін автор таңдаған аспектіде ұсыну болып табылады.
  • Материал мен әдістер – материалдардың сипаттамасынан және жұмыс барысынан, сондай-ақ қолданылған әдістердің толық сипаттамасынан тұрады.
  • Зерттеу материалының сипаттамасы оның сандық және сапалық жағынан бейнеленуін білдіреді. Материалдың сипаттамасы – зерттеу нәтижелері мен әдістерінің сенімділігін анықтайтың факторлардың бірі болыптабылады.
  • Бұл бөлімде мәселенің қалай зерттелгені баяндалады: бұрын жарияланған процедураларды қайталамайтын мәліметтер; материалдар мен әдістерді қолдану кезінде міндетті түрде жаңалық енгізу арқылы жабдықты сәйкестендіру (бағдарламалық жасақтау) және материалдардың сипаттамасы қолданылады.
  • Ғылыми әдістемеге:
  • зерттелу сұрағы/сұрақтары;
  • гипотеза (тезис);
  • зерттеу кезеңдері:
  • зерттеу әдістері;
  • зерттеу нәтижелері.
  • Әдебиет шолуы бөлімінде шетелдік авторлардың ағылшын тіліндегі зерттеу тақырыбындағы іргелі және жаңа еңбектері (кемінде 15 жұмыс), ғылыми үлесі тұрғысынан осы жұмыстарға талдау, сондай-ақ мақалаңызда толықтырылған зерттеу кемшіліктері қамтылуы керек.
  • Шығармаға қатысы жоқ көптеген сілтемелердің болуы немесе өзіңіздің жетістіктеріңіз туралы, алдыңғы жұмысыңызға сілтемелердің болуына ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ.
  • Нәтижелер және талқылау бөлімі – сіздің зерттеу нәтижелеріңізді талдауға және пікірталасуға мүмкіндік береді. Зерттеу барысында алынған нәтижелер туралы қорытынды беріледі, негізгі мәні ашылады. Әрі бұл мақаланың маңызды бөлімдерінің бірі. Онда олардың жұмысының нәтижелерін талдап, сәйкес нәтижелерін алдыңғы жұмысымен, талдаулары мен қорытындыларымен салыстырғанда талқылау қажет.
  • Қорытынды, нәтиже – осы кезеңдегі жұмыс нәтижелерін жинақтау және қорытындылау; автор алға қойған тұжырымның растығын және алынған нәтижелерді ескере отырып, ғылыми білімнің өзгеруі туралы автордың қорытындысын растау. Қорытынды абстрактілі болмауы керек, оларды белгілі бір ғылыми саладағы зерттеу нәтижелерін қорытындылау үшін, ұсыныстарды немесе одан әрі жұмыс істеу мүмкіндіктерін сипаттай отырып қолдану керек.
  • Қорытындының құрылымында: зерттеудің мақсаттары мен әдістері қандай? Нәтижелері қандай? Қандай тұжырымдар бар? Дамуды енгізу, қолдану перспективалары мен мүмкіндіктері қандай? деген сұрақтар болуы керек.
  • Пайдаланылған әдебиеттер тізімі немесе библиографиялық тізім жаратылыстану-техникалық бағыттар бойынша әдебиеттердің кем дегенде 10 атауларынан және әлеуметтік-гуманитарлық бағыттар бойынша 15 атаулардан тұрады, ал ағылшын тіліндегі тақырыптардың жалпы саны кемінде 50% болуы керек. Егер әдебиеттер тізімінде кириллицада берілген еңбектер болса, сілтемелер тізімін екі нұсқада ұсыну қажет: біріншісі - түпнұсқада, екіншісі - романизацияланған алфавитте (транслитерация - http://www.translit.ru).
  • Романизацияланған библиография келесідей болуы керек: автор (лар) (транслитерация) → (жақша ішінде жыл) → транслитерацияланған нұсқадағы мақала тақырыбы [мақала тақырыбын ағылшын тіліне төрт бұрышты жақшаға аудару], орыс тіліндегі дереккөздің атауы (транслитерация немесе ағылшын) атауы - бар болса), ағылшын тіліндегі басылым мәліметтері.

Мысалы: Gokhberg L., Kuznetsova T. (2011) Strategiya-2020: novye kontury rossiiskoi innovatsionnoi politiki [Strategy 2020: New Outlines of Innovation Policy]. Foresight-Russia, vol. 5, no 4, pp. 8–30. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі алфавиттік тәртіпте келтіріледі әрі ТЕК мәтінге сілтеме жасалған жұмыстар ғана көрсетіледі.

  • ГОСТ 7.1-2003 сәйкес орыс және қазақ тілдеріндегі библиография стилі «Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. Жалпы талаптар және құрастыру ережелері » (KOKSON тізіміне енген басылымдарға қойылатын талап).
  • Романизацияланған библиографияның стилі, сондай-ақ әлеуметтік-гуманитарлық салаларға арналған ағылшын (басқа шетел) тіліндегі дереккөздер - Американдық психологиялық қауымдастық (http://www.apastyle.org), жаратылыстану және технологиялар салалары үшін - Chicago Style (www.chicagomanualofstyle.org).
  • Бұл бөлімде мыналар ескерілуі керек:
  • ғылымның осы саласында жарықкөрген және автор шығармашылығында негізделген негізгі ғылыми басылымдар, алдыңғы қатарлы зерттеу әдістері сілтемеге алынады;
  • өз еңбектеріңізге шамадан тыс сілтеме жасаудан аулақ болыңыз;
  • ТМД/КСРО авторларының басылымдарына шамадан тыс сілтеме жасаудан аулақ болыңыз, әлемдік тәжірибені қолданыңыз;
  • библиографиялық тізімде белгілі шетелдік авторлар мен зерттеушілер мақала тақырыбы бойынша шығарған іргелі және өзекті жұмыстар болуы керек.
  • Әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы мәтінге сілтемелер мәтін ішінде жақшаның ішінде бірінші авторы, шыққан жылы: парақтың (беттердің) саны көрсетіледі. Мысалы, (Залесский, 1991: 25). Егер әдебиеттер тізімінде бір автордың бір жыл ішінде жарияланған бірнеше жұмысы болса, шыққан жылына «а», «б» әрпі және т.б. белгі қойылады. Мысалы, (Садуова, 2001а: 15), (Садуова, 2001б: 22). Жаратылыстану мақалалары үшін сілтемелер төртбұрышты жақшада келтірілген, мәтінге сілтемелер келтірілген жұмыстар көрсетілгендей нөмірленеді.

Библиографиялық сілтемелерді рәсімдеу үшін Mendeley Reference Manager құралын пайдалана аласыз.