Журналдың редакциялық саясаты
"Түркология" журналының редакциясы (бұдан әрі – журнал) өз қызметінде кәсібилік, объективтілік, ғылымилық, бейтараптылық принциптерін басшылыққа алады. Олар ғылыми басылымды дайындауға және ғылыми-зерттеу нәтижелерін таратуға қатысты этикалық міндеттемелерді өз жауапкершілігіне алады.
Редакцияның авторлармен өзара байланысы ашықтық, адалдық, сыпайылық, әділдік және объективтілік қағидаттарына негізделеді.
Қолжазбалар жарияланымға дайындау процедурасынан өткізіледі. Бұл ретте авторлық құқық Қазақстан Республикасының заңдылықтары мен нормативтеріне сәйкес сақталады.
Журналға қабылданған ғылыми мақалалар бағыты бойынша сарапшы ғалымдар тарапынан міндетті түрде қосарланған «жасырын» рецензиялаудан өтеді.
Редакцияның мақала авторларымен және рецензенттермен байланысы OJS электрондық платформасы арқылы онлайн режимде және қажет болған жағдайда электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады.
Ғылыми басылым ҚР БҒМ-нің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің «Ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне» енгізу үшін қойылатын талаптарға (http://adilet.zan.kz/) сәйкес шығарылады. Сондай-ақ, халықаралық тәжірибенің ерекшеліктері мен талаптарын ескере отырып және Elsiever баспасы әзірлеген ғылыми жарияланымдар этикасы Кодексінің ережелері аясында тиісті талаптарды сақтайды https://www.elsevier.com/about /policies/ publishing-ethics.
Қолжазбаны жариялау шарттары
«Ясауи университетінің хабаршысы» автор (авторлар) бұрын жарияламаған, қазақ, түрік, орыс, ағылшын тілдерінде журналдың тақырыптық бағыттарына сәйкес келетін және қатаң түрде қолжазба талаптарына сәйкес рәсімделген мақалалар қабылданады.
Ғылыми мақаланың қолжазбасын автор-корреспондент редакция алқасына журналдың келесі саны шыққанға дейін кемінде екі ай бұрын ұсынады. Журналға жариялау үшін кемінде 10 беттен төмен болмайтын қолжазбалар қабылданады.
Автор қолжазбаны электронды платформа арқылы барлық метадеректер мен оның авторларын көрсете отырып жіберуі тиіс.
Авторлар редакцияға бұрын басқа басылымдарда жарияланбаған (баспа, электронды және басқа ашық көздерде) мақаланың түпнұсқасын ұсынуы қажет. Авторлар зерттеу нәтижелерінің нақтылығы, жаңалығы және дәлелдемесі үшін жауап береді. Қолжазбаны редакциялау кезінде немесе «Ясауи университетінің хабаршысы» журналының рецензенттері тарапынан сарапталуы кезінде, сондай-ақ мақала жарияланғаннан кейін авторлар бұл қолжазбасын басқа басылымға жариялауға ұсына алмайды.
Мәтіндерді көшіру және плагиат
Егер тексеру нәтижелері бойынша мақала мәтінінің 25%-дан астамы ғылыми жұмыстармен сәйкес келуі анықталса, мақала жарияланымнан алып тасталады. Яғни, антиплагиат жүйесі арқылы ("Антиплагиат", "Turnitin" немесе университет пайдаланатын өзге де бағдарламалық кешендер) тексеру нәтижесі бойынша тұпнұсқалығы 75%-дан жоғары болған қолжазба одан әрі рецензенттерге жіберіледі.
Мақаланы рецензиялаудың түрі мен тәртібі
Журналдың редакциясына жіберілген барлық ғылыми мақалалар міндетті түрде қос (екі) жасырын тексеруден өтеді (рецензент қолжазбаның авторларын білмейді, қолжазба авторлары рецензенттерді білмейді).
Мақалаларға пікір беруді рецензенттер – ішкі және сыртқы/шетелдік ЖОО-дың тиісті білім және ғылым саласындағы жетекші сарапшылары жүзеге асырады. Мақаланы сараптау үшін нақты рецензентті таңдау туралы шешімді редакторлар қабылдайды. Қарау мерзімі – 2-4 апта, бірақ рецензенттің өтініші бойынша оны ұзартуға болады.
Әрбір рецензент қолжазба материалдарын қабылдауға әсер ететін айқын мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда сараптаудан бас тартуға құқылы. Рецензент қолжазбаны қарау нәтижелері бойынша өз ұсыныстарын береді: жариялауға жарамды; жариялауға жарамсыз; кей жерлерін түзетіп, толықтырған жағдайда жариялауға болады.
Егер пікірде мақаланы түзету туралы ұсыныстар болса, журнал редакциясы рецензия мәтінін мақаланың жаңа нұсқасын дайындау кезінде оларды ескеру үшін авторға жібереді. Мақаланы түзетіп жіберу мерзімі авторларға өзгертулер енгізу қажеттілігі туралы онлайн-режимде хабарлама жіберген сәттен бастап 1 айдан аспауы керек. Автор өңдеген мақала қайта қарауға жіберіледі.Егер бір рецензенттен «жариялауға жарамсыз» деген шешім келсе, редакция қолжазбаны қосымша рецензиялауға жіберуге құқылы. Соңғы шешім үшінші рецензенттің пікірінен кейін анықталады.
Қолжазбаны жариялаудан бас тарту туралы шешім рецензенттердің ұсыныстарына сәйкес Редакция отырысында қабылданады. Редакцияның шешімімен жариялауға ұсынылмаған мақала қайта қарауға қабылданбайды. Жариялаудан бас тарту туралы шешім авторға электронды пошта арқылы жіберіледі.
Мұрағаттау және қолжетімділік
«Ясауи университетінің хабаршысы» журналының ресми сайтында (OJS платформасы) оның мазмұны мен толық мәтініне қолжетімділік қамтамасыз етіледі. Бұл дүниежүзілік ғылыми қауымдастық ауқымындағы қолжетімділікті жақсарта түсетіні анық. Сонымен қатар журналдың сайтында авторлар мен оқырмандар үшін журналдың қызметі туралы қажетті барлық ақпараттар көрсетілген: жариялау шарттары, қолжазбаларды рәсімдеу және журналға ұсыну ережелері қолжазбаларды рецензиялау тәртібі, жарияланым этикасы, редакциялық алқа туралы мәліметтер, басылымның қызметкерлерімен байланыс орнату деректері ұсынылған.
Журналдың барлық оқырмандары мен авторлары басылымның ағымдағы электрондық нұсқаларымен және бұрынғы жылдардағы мұрағаттарымен толық таныса алады.