ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІЛІМ БЕРУ ТАРИХЫНДАҒЫ МЕДРЕСЕЛЕР
48 11
DOI:
https://doi.org/10.47526/3007-6366.6481Кілт сөздер:
Қазақстан; медресе; білім беру тарихы; ағартушылық; жәдидтік оқу жүйесі; оқу орындары.Аңдатпа
Бұл зерттеуде XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы Қазақстан түріктерінің білім беру тарихында маңызды орын алған медреселердің оқу-ағартушылық қызметі қарастырылды. Зерттеу барысында медреселердің тек діни білім беретін мекемелер ғана емес, сонымен қатар қоғамның мәдени, ғылыми және зияткерлік дамуына үлес қосқан білім ошақтары болғаны айқындалды. Қазақстанның әртүрлі өңірлерінде қызмет атқарған Ахмет Риза, Ғалия, Хұсайния, Мамания, Аягөз, Қапал және Қалжан ахун медреселері бастаған көптеген оқу орындарының құрылу тарихы, оқу бағдарламалары және қоғамдық ықпалы сараланды. Қарастырылған деректер аталған медреселерде Құран, хадис және ақида секілді діни пәндермен қатар тарих, география, арифметика, философия, тіл және әдебиет пәндерінің де оқытылғанын көрсетеді. Әсіресе, жәдидтік (усул-и жәдид) оқу жүйесінің ықпалымен кейбір медреселерде заманауи ғылымдардың енгізілуі білім беру жүйесінің жаңашыл сипатын айқындайды. Сонымен қатар, зерттеуде медреселердің қазақ қоғамындағы сауаттылықты арттыру, мұғалімдер даярлау және ұлттық зиялы қауымды қалыптастырудағы рөліне ерекше назар аударылды. Нәтижесінде, медреселердің Қазақстан түріктерінің білім беру тарихында тек діни мекемелер ретінде ғана емес, сонымен бірге қоғамдық жаңғыру мен мәдени дамудың маңызды факторлары ретінде қарастырылуы қажеттігі тұжырымдалды.
Әдебиеттер тізімі
Adambosynov, J. XIX ğasyrdyñ soñğı şiregi men 1920 jılğa deyingi Qazaqstan medreselerindegi tarih pänі: bağdarlamalary, oqwlyqtary, ädіstemesі. – Almaty, 2006. – 121 b.
Şañbaeva, Araylym; Qañtarbaeva, Janna; Bağaşarov, Qūdaıberdі. Qazaq dalasynda äıel-qyzdardyñ dіni sauat aşu mümkindikterі. Al-Farabi, 2025, 89(4): 159–170.
Abzhalov Sultanmurat, et al. Cedidçilik Bağlamında Kazak Aydınlanması ve Gumar Karash’ın Eğitim Anlayışı. Hikmet, https://doi.org/10.47526/3007-8598-2025.1-17 2025, 2.4: 5-16.
Kaldybaeva, S. Qazaq qoğamyndağı oqw-ağartu qyzmetі (XIX ğasyrdyñ ayağy men XX ğasyrdyñ basy). Vestnik KazNPU imeni Abaia. Seriia: Istoricheskie i sotsialno-politicheskie nauki, 2020, 4(67).
Temirkhanov, B.; Mutaliyev, M.; Sauyrqan, E. XX ğ. basynda joğarı oqw oryndarynda bіlіm alğan qazaq studentterі: «Qazaq» gazetі negіzіnde. Otan tarihy – Oteçestvennaia istoriia. https://doi.org/10.51943/2788-9718_2025_28_2_510-519 2025, 28.2: 510-519.
Ostonov Zhakhongir. French Research on Islamıc Issues in Post-Sovıet Central Asia: Historiographical Analysis. Turkic historical studies (pISSN: 3007-6358/eISSN: 3007-6366), 2025, 3.6: 43-52.
Kozha, Mukhtar; Abzhalov, Sultanmurat; Temırkhanov, Batyrzhan. Ahmet Yesevi Mezarının Etrafındaki Eski Yapılarla İlgili Görüşler Ve Yeni Bulgular. Türk Kültürü ve Hacı Bektaş Veli Araştırma Dergisi, https://doi.org/10.60163/tkhcbva.1424948 2025, 114: 55-64.
Abzhalov, S.; Temirkhanov, B. Abaidıñ otız segіzіnşі qara sözі jelіsіnde dіni sawattylyq mäselesі.. Eurasian Journal of Religious Studies, 2023, 35.3.
Tarlaubai, M.; Huat, A. XIX ğasyrdyñ ayağy men XX ğasyrdyñ basyndağı qazaq medreseleriniñ tarihyn oqytu ädіsterі. In: Publisher. agency: Proceedings of the 8th International Scientific Conference «Interdisciplinary Science Studies»(January 23-24, 2025). Dublin, Ireland, 2025. 174p. Letterkenny Institute of Technology, 2025. p. 159.
Temirkhanov, B.; Mutaliyev, M.; Qarakūlaq, M. Qoja Ahmet Yasawi beinesiniñ «Qazaq» gazetindegi körinisi. Asian Journal" Steppe Panorama", https://doi.org/10.51943/2710-3994_2026_13_1_36-45 2026, 13.1: 36-45.
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Turkic historical studies (pISSN: 3007-6358 / eISSN: 3007-6366)

Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.