ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНДЕГІ 1920-1930 Ж.Ж. АШАРШЫЛЫҚТЫҢ СЕБЕПТЕРІ МЕН САЛДАРЫ
0 1
Кілт сөздер:
ашаршылық; ұжымдастыру; тәркілеу; Түркістан өңірі; күштеп отырықшыландыру; кеңестік аграрлық реформалар.Аңдатпа
Бұл мақала Түркістан өңіріндегі 1920-1930 жылдардағы ашаршылықтың тарихи себептері мен оның әлеуметтік – экономикалық салдарын айқындауға арналған. Бұл ашаршылық – қазақ халқының тарихи санасында орны толмас қасірет ретінде сақталған ұлттық трагедия. Бұл зұлматтың негізгі себептері Кеңес үкіметінің аграрлық реформалары, күштеп ұжымдастырумен қатар отырықшыландыру науқандары және халықтың дәстүрлі шаруашылығына қарсы бағытталған саясат болды. Халықтың дәстүрлі қалыптасқан өмір салтын, мал шаруашылығына негізделген экономикасын күшпен өзгерту әрекеттері үлкен әлеуметтік күйреуге алып келді.
Кеңестік биліктің аграрлық саясаты, ұжымдастыру үдерісі, мал-мүлік тәркілеу және еріксіз отырықшыландыру секілді саяси науқандар аймақтағы дәстүрлі өмір салты мен шаруашылық құрылымын құлдыратып, жаппай ашаршылыққа әкелді. Мал басының күрт азаюы, азық – түлік тапшылығы мен басқарудағы қателіктер ашаршылықтың кең етек жаюына себеп болды. Ашаршылыққа алып келген осы түрлі факторлар мақалада кешенді түрде қарастырылады. Сонымен қатар, ашаршылық салдарынан туындаған демографиялық апат, халықтың жаппай жер аударуы және әлеуметтік құрылымындағы өзгерістер ғылыми тұрғыда сарапталады. Бұл зерттеу Түркістан өңірінің тарихын терең түсінуге, сол кездегі қасіретті беттерді ашуға, әрі қазіргі ұрпақтың тарихи жадысын қалыптастыруға үлес қосуды мақсат етеді.