ҰЛЫ ҚОЛБАСШЫЛАР: АЛЕКСАНДР МАКЕДОНСКИЙ МЕН ШЫҢҒЫСХАН

0 0

Авторлар

  • Марат Салғараев Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті https://orcid.org/0009-0008-1450-3633
  • Әсел Құлахмедова Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Кілт сөздер:

Александр, Шыңғысхан, эллинизм, варвар, еуроцентризм, Александриялар, геноцид, Фивы, фаланга, империя, жаулап алу, мәдени ықпал.

Аңдатпа

Александр Македонский мен Шыңғысхан — әлем тарихындағы аса ірі қолбасшылардың бірі, олардың өмір жолы мен жасаған істері адамзат мәдениетінің дамуына зор ықпал етті. Еуропа тарихшылары Александрды ғасырлар бойы «ұлы жаулап алушы» және «империя құрған тұлға» деп жоғары бағалап келсе, Шыңғысханға керісінше «варвар» немесе «қатыгез басқыншы» деген жағымсыз баға беру кең тараған. Мұндай қарама-қайшы көзқарастар еуроцентризмнің әсерін айқын аңғартады.

Тарихнамада олардың бейнесі әрқилы қалыптасқан: Александр көбіне мәдениет, ғылым және білімнің өркендеуіне жол ашқан тұлға ретінде сипатталады, көбіне өркениеттерді тоғыстырған, эллин мәдениетін кең таратқан ағартушы билеуші ретінде дәріптеледі. Ал Шыңғысханның мемлекет құрудағы, халықаралық сауда мен мәдени байланыстарды нығайтудағы үлесі көп жағдайда назардан тыс қалып, оның аты тек шапқыншылық пен қиратумен ғана байланыстырылып жатады. Шыңғысхан туралы еңбектерде еуроцентристік көзқарас басым болып, оны «варвар», «қатыгез жаулаушы» ретінде көрсететін тұжырымдар жиі кездеседі. Алайда зерттеулер көрсеткендей, екі көшбасшы да әлемдік сауда байланыстарының кеңеюіне, жаңа басқару жүйелерінің орнығуына, халықаралық қатынастардың дамуына айтарлықтай ықпал етті. Бұл жұмыста олардың әскери стратегиялары, мемлекетті басқару тәсілдері және өркениетке қалдырған мұралары салыстырмалы түрде талданып, тарихи тұлғаларды біржақты бағалаудың ғылыми дәлдігі қарастырылады. Зерттеу еуроцентризм әсерін сын тұрғысынан бағалап, Александр мен Шыңғысхан феноменін кең тарихи контексте көрсетуге бағытталады.

Автор өмірбаяндары

Марат Салғараев, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

РhD, аға оқытушы

Әсел Құлахмедова, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің

2 курс студенті

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-31

Журналдың саны

Бөлім

Тарих