Е. БЕКМАХАНОВТЫҢ ҒЫЛЫМИ КОНЦЕПЦИЯСЫНЫҢ ТАРИХИ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АСТАРЛАРЫ
0 0
Кілт сөздер:
Е. Бекмаханов, саяси портрет, тарихи-психологиялық талдау, қуғын-сүргін, ГУЛАГ, кеңестік идеология, ғылыми мұра, деректану, ғылыми ерлік.Аңдатпа
Бұл мақалада ХХ ғасырдың орта кезеңіндегі көрнекті қазақ тарихшысы Е. Бекмахановтың ғылыми мұрасы мен қоғамдық-саяси құрылымның сан қырлары ашылып, оның саяси портретін қалыптастыру көзделеді. Архивтік материалдарды талдау және деректанулық әдістер негізінде Е. Бекмахановтың ғылыми ерлігі, психологиялық төзімділігі және кеңестік идеологияға қарсы келуінің салдары қарастырылады. Тарихшының репрессияға ұшырауы, ГУЛАГ-тағы кезеңі, кейіннен ақталуы мен ғылыми атақтарының қалпына келтірілуін тарихи-психологиялық тұрғыдан саралайды. Тұлғаның педагогикалық қызметі мен ұлттық тарихи сананы қалыптастырудағы рөлі айқындалады. Е. Бекмахановтың педагогикалық қызметі, мектеп және жоғары оқу орындары үшін оқулықтар дайындаудағы рөлі, ұлттық тарихи сананы қалыптастырудағы ғылыми-педагогикалық миссиясы да назарға алынады. Педагог, ғалым және қоғам алдындағы жауапкершілікті сезінген тұлға ретінде Е. Бекмаханов қазақ тарих ғылымының дамуына, тарихи білім беру мазмұнының жаңаруына үлкен үлес қосты. Оның еңбектері ұлттық сана, деректік дәлдік және әдістемелік жаңашылдық бағытында маңызды із қалдырған тұтас ғылыми-педагогикалық мұра болып сипатталады.
Ғалым мұрасының бүгінгі тәуелсіз Қазақстан тарихнамасы үшін маңызын, ұлттық тарихи жадты қалпына келтірудегі рөлін және заманауи ғылыми көзқарастармен сабақтастығын айқындайды.