«АШ-ШУЗУР АЗ-ЗАХАБИЙЯ» ЕҢБЕГІНДЕГІ СӨЗДЕРДІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖІКТЕЛУІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚОЛЖАЗБАЛАР НЕГІЗІНДЕ САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТТЕЛУІ
1 4
Кілт сөздер:
түркі лексикографиясы, араб тіл білімі, қолжазбалар, классикалық еңбектер, лексикография, әдістеме, тілдің дамуы, мәдени мұра.Аңдатпа
Бұл мақалада араб тіл білімінің классикалық еңбектерінің бірі болып саналатын «Ash-Shuzur az-Zahabiyya» кітабындағы сөздердің тақырыптық классификациясы және қолжазба нұсқаларындағы салыстырмалы зерттеу мәселесі қарастырылады. Аталған еңбек араб грамматикасы мен лексикографиясында маңызды орынға ие болып, тілдік материалдарды жүйелеуде тарихи дерек ретінде қызмет атқарады. Зерттеудің негізгі мақсаты – мәтіндегі сөздерді мағыналық және тақырыптық тұрғыдан топтастыру, олардың семантикалық байланыстарын анықтау және әртүрлі қолжазба нұсқаларындағы айырмашылықтарды айқындау.
Мақалада тақырыптық классификация әдістері мен құрылымдық-лингвистикалық тәсілдер қолданылып, сөздер бірнеше топтарға бөлінді: діни терминдер, тұрмыстық ұғымдар, әлеуметтік-саяси атаулар және мәдени-тарихи лексика. Сондай-ақ, әр қолжазбадағы мәтіндік ерекшеліктер салыстырылып, редакциялық өзгерістер мен фонетикалық-лексикалық айырмашылықтар анықталды.
Зерттеу нәтижелері араб тіліндегі тарихи мәтіндерді жүйелеу мен олардың тілдік табиғатын терең түсінуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл жұмыс лексикография, арабтану және салыстырмалы тіл білімі салалары үшін құнды дереккөз болып табылады. Мақала араб тілін үйренушілерге, зерттеушілерге және лексикалық қорды жүйелеумен айналысатын мамандарға пайдалы бола алады.