ҚОҚАН ХАНДЫҒЫ МЕН ТҮРКІСТАН ГЕНЕРАЛ-ГУБЕРНАТОРЛЫҒЫ АРАСЫНДАҒЫ САЯСИ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ОРНАУЫ
1 7
Кілт сөздер:
Түркістан генерал-губернаторлығының құрылуы, генерал-губернатор Константин Петрович фон-Кауфманның Ташкент пен Хожентке сапары, Хұдойорхан ибн Шералиханның Бұхара, Хиуа және Ташкентке хаты, Сыртқы істер министрлігінің Азия департаменті директоры П.М. Стремоуховтың арнайы хаты мен императордың жарлығы, генерал-губернатор штабының полковнигі А.В. Шауфус, Қоқан елшісі Сарымсаққожа мен Мирзо Хаким парваначи және т.б.Аңдатпа
Қоқан хандығы мен Түркістан генерал-губернаторлығы арасындағы қатынастарды зерттеу бүгінгі күні өзекті ғылыми бағыттардың бірі болып саналады. Әсіресе, 1867 жылы Түркістан генерал-губернаторлығы құрылғаннан кейін Қоқан хандығы мен генерал-губернаторлық арасындағы саяси қатынастардың орнауы мен оны жан-жақты талдау қажеттілігі туындады. Атап айтқанда, 1867 жылдың шілде айынан 1868 жылдың ақпанына дейін өзара жіберілген елшілік хаттар мен ноталардың мазмұн-маңызын айқындау, сондай-ақ елшілердің құрамы, мақсаты мен міндеттерін зерттеп, талдау маңызды мәнге ие.
Белгілі болғандай, XIX ғасырдың екінші жартысында Ресей империясының Орталық Азияға белсенді енуі аймақтың саяси өмірінде елеулі өзгерістерге алып келді. Қоқан хандығы өз тәуелсіздігін сақтау үшін түрлі дипломатиялық жолдарды қарастырды және сонымен қатар Ресеймен қатынастарды белгілі бір деңгейде реттеуге мәжбүр болды. Соның нәтижесінде саяси байланыстардың қалыптасуындағы дипломатиялық тенденциялардың сабақтастығы мен тараптардың өзіндік дипломатиялық дәстүрлері екі жақ арасында жанданды.
Осы тұрғыдан алғанда, мақалада Қоқан хандығы мен Түркістан генерал-губернаторлығының 1868 жылдың ақпан айына дейінгі қысқа мерзім ішінде өзара саяси қатынастар орнатқаны бірқатар шетелдік, жергілікті және мұрағаттық материалдар негізінде салыстырмалы-талдамалық әдіс арқылы қарастырылады және соның нәтижесінде өзара саяси қатынастардың орнау тәртібі мен үдерістері ашып көрсетіледі.