ШҰБАРСУ ЕЛДІМЕКЕНІНДЕГІ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР

5 8

Авторлар

Кілт сөздер:

Оңтүстік Қазақстан, Қайнарбұлақ өзені, Қауыншы мәдениеті, ерте ортағасыр, Балшықтан тұрғызылған құрылыстар, керамикалық кешен, күл қабаттары, ежелгі салт жоралғылар.

Аңдатпа

Мақалада Шымкент қаласының солтүстік-батысында, Қайнарбұлақ өзенінің сол жағалауында орналасқан Шұбарсу ескерткішіне жүргізілген археологиялық зерттеулердің нәтижелері берілген. 2025 жылы Шұбарсу ескерткіштерінде жүргізілген археологиялық қазбалар өңір үшін бұрын-соңды белгісіз типологиялық нысандарды анықтады. Оның негізіндегі диаметрі шамамен 40 м, биіктігі – 4,5 м. Объектінің ішкі кеңістігі овальды пішінде (9×6,6 м) болып, тығыз нығыздалған балшықпен толтырылған. Ішінде екі құдық табылды, олардың ішінде керамика фрагменттері, жануарлар сүйектері және күл қабаттары, балшықпен көмілген. Екінші нысан – бастапқыда «қоныс» ретінде қабылданған «мұнараға» жапсарлас алаң, шамамен 1 м қалыңдықтағы сазды платформа түрінде сақталған. Оның үстінде топырақпен көмілген шұңқырлар орналасқан, олардың ішінде сынған керамика, жануар сүйектері, тас және металл бұйымдары табылған. Алдын ала мәліметтер бойынша, бұл ескерткіштердің керамикалық кешені б.з. IV-VI және VII-VIII ғасырларына жатады.

Стратиграфия мен археологиялық материалдарды талдау Орталық Азияның көне қоғамдарына тән, тағам қалдықтары мен құрбандық заттарын сақтау мақсатында жүргізілген рәсімдік әрекеттермен байланысты бұл нысандардың ритуалдық сипатта болғанын көрсетеді.

Шубарсу қонысындағы археологиялық зерттеулер 2025 жылғы «04» наурыздағы мемлекеттік сатып алу келісімшарты № 32 негізінде, Шымкент қаласы мәдениет, тілдер және архивтер басқармасының «Шымкент қаласының мұражайлар одағы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны мен «Инженерлік археология» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасында жүргізілді.

Автор өмірбаяндары

Бауржан, Ә. Х. Марғұлан ат. Археология Институты

тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі

Ә. Х. Марғұлан ат. Археология Институтының бас ғылыми қызметкері

(Қазақстан, Алматы қ.)

Олеся Байтанаева, ЖШС «Инженерная археология»

тарих ғылымдарының кандидаты

«Инженерная археология» ЖШС бас ғылыми қызметкері

(Қазақстан, Шымкент қ.)

Әл фараби Отар, ЖШС «Инженерная археология»

гуманитарлық ғылымдардың магистрі

«Инженерная археология» ЖШС ғылыми қызметкері

(Қазақстан, Шымкент қ.)

Жүктеулер

Жарияланды

2025-10-08

Журналдың саны

Бөлім

Мақалалар