ҚАЙНАРБҰЛАҚ ОБА ҚОРЫМЫНЫҢ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРІ

1 0

Авторлар

Кілт сөздер:

Оңтүстік Қазақстан, ерте темір дәуірі, ортағасыр, оба жерлеулер, катакомбалар, топырақ қабірлер, керамикалық кешен.

Аңдатпа

Қайнарбұлақ оба қорымының жерлеу ескерткіштері Шымкент қаласының солтүстік-батыс шетінде, құрылысы жүріп жатқан «Бозарық» индустриялық аймағы аумағында орналасқан. Жұмыстар басталғанға дейін бұл ескерткіштер аталған аумақтың жедел игерілуіне байланысты толық жойылу қаупінде болған.

Қорғау-құтқару қазба жұмыстары барысында топырақ үйіндісі бар 16 оба жерлеу орны зерттелді. Жерлеу рәсімдері жер қабірлерге, сондай-ақ дромосы бар катакомбаларға да жасалған. Қабірлердің барлығы дерлік көне замандардың өзінде-ақ бұзылған. Көптеген адам сүйектері жерлеу құрылымдары бойына шашылып кеткен, кейбіреулері ішінара жойылған.

Қабірлерден табылған заттар арасында ас үйлік және дастарханға арналған керамика ыдыстарының (кұмандар, құмыралар, саптыаяқтар мен ашық формалы ыдыстар) сынған және бүтін үлгілері, қатты тот басқан темір бұйымдар сынықтары, қола заттар (пышақтар, жебе ұштары, әшекейлер), сондай-ақ моншақтар бар. Катакомбадағы жерленгендер негізінен шығысқа, ал топырақ қабірлердегілер батысқа қарата жерленген.

Зерттелген жерлеу ескерткіштерінде мерзімдік жағынан ерте темір дәуірі мен ортағасыр кезеңіне жататын заттай деректер бар. Ерте темір дәуіріне жататын жәдігерлер жиынтығы шартты түрде үш хронологиялық топқа бөлінеді: б.з.д. V-II ғғ., б.з.д. II – б.з. I ғғ., б.з. I-IV ғасырлар. Ортағасырлық жерлеулер мұсылмандық ғұрып бойынша жасалған.

Автор өмірбаяндары

Бауржан Байтанаев, Ә.Х. Марғұлан ат. Археология Институт

тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі

Ә.Х. Марғұлан ат. Археология Институтының бас ғылыми қызметкері

(Қазақстан, Алматы қ.)

Олеся Байтанаева, «Инженерная археология» ЖШС

тарих ғылымдарының кандидаты

«Инженерная археология» ЖШС бас ғылыми қызметкері

(Қазақстан, Шымкент қ.)

Азамат Ергешбаев, М. Әуезов ат. ОҚУ «Археология және антропологиялық зерттеулер» ҒО

гуманитарлық ғылымдар магистрі

М. Әуезов ат. ОҚУ «Археология және антропологиялық зерттеулер» ҒО аға ғылыми қызметкері

(Қазақстан, Шымкент қ.)

Жүктеулер

Жарияланды

2025-07-01

Журналдың саны

Бөлім

Тарих