САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ПСИХОЛОГИЯСЫ: ИСА ТОҚТЫБАЕВ МЫСАЛЫНДА
3 2
Кілт сөздер:
Тарих психологиясы, Алаш, саяси қуғын-сүргін, мүдделер қақтығысы, тұлға.Аңдатпа
Мақалада Иса Тоқтыбаевтың өмірі мен қызметі арқылы тұлғаның саяси қуғын-сүргін психологиясы зерттеледі. Тоқтыбаев – Түркістан республикасының дамуына үлес қосқан, саяси және қоғамдық қызметкер ретінде танылған тарихи тұлға. Мақалада Тоқтыбаевтың психологиялық ерекшеліктері, оның шешім қабылдау қабілеті, көшбасшылық қасиеттері және тарихи контексте әрекет етуі талданады. Автор Тоқтыбаевтың күрделі тарихи кезеңдердегі мінез-құлқы мен тұлғалық қасиеттерін әлеуметтік, мәдени және саяси жағдайлармен байланыстыра отырып, оның әрекеттерінің мотивациясын анықтайды. Зерттеу нәтижесінде, Иса Тоқтыбаевтың тұлғалық типологиясы оның ұлттық мүдде мен қоғамдық жауапкершілікке деген сезімінің айқын көрінісі ретінде сипатталады. Мақала тұлғаның психологиялық аспектілерін тарихтағы әлеуметтік өзгерістермен байланыстыра отырып, тарихи тұлғалардың психологиялық типологиясының маңыздылығын көрсетеді. Бұл жұмыс тұлғаның қоғамдық-саяси қызметін тереңірек түсінуге, тұлғалардың психологиясын зерттеуге арналған жаңа көзқарас ұсынады.