ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ БОЙЫНДАҒЫ ТҮРКІСТАН ШҰРАТЫ ҚАЛАЛАРЫ

41 23

Авторлар

  • Марат Тұяқбаев «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи мәдени қорық-музейі (Түркістан, Қазақстан Республикасы)
  • Ақәділ Тұрсынов «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи мәдени қорық-музейі (Түркістан, Қазақстан Республикасы) https://orcid.org/0009-0006-1271-9698

Кілт сөздер:

Жібек жолы, Ғұндар, Үйсіндер, Соғдылықтар, Давань, Кангүй, Канг (Сырдария), Түркістан шұраты, ерте және кейінгі ежелгі заман.

Аңдатпа

Мақала тарихта талас туғызып жүрген, Ұлы Жібек жолының Кангүй территорияларымен өткен солтүстік тармағының қашан қалыптасқандығы мәселесіне арналған. Б.з.д. ІІ-І ғғ. негізі салынып, VІІ-VІІІ ғғ. толыққанды үлкен жолға айналған бұл бағыт, Сырдың бойымен қазіргі Қызылордаға жете бергенде кілт солға бұрылып көне Іңкәрдария бойымен Хорезмге жетіп, әрі қарай Каспиді солтүстігінен айналып, Қара теңіздің Каффа порты арқылы  Константинопольге жеткен (№4 карта). Бұл кезде Іңкәрдария құрғақ арна болғанымен, көктемде  Сырдарияда сең жүргенде өзен екі жаққа жайылып, ескі арналар (Іңкәрдария, Қуаңдария) суға толып, жаз бойы керуендерге су көзі, екі жағалары жайылымдық қызмет атқарған. Бұл тұста Сыр қазіргі арнасына параллель жатқан Ескі дария арнасымен ағып жатқан болатын, бұл б.з.д. ІІ ғасырдан ХІ ғ. дейін созылады (№3 карта).

Автор өмірбаяндары

Марат Тұяқбаев, «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи мәдени қорық-музейі (Түркістан, Қазақстан Республикасы)

Археолог, тарих ғылымдарының кандидаты

Автор-корреспондент

 «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи мәдени қорық-музейі

(Түркістан, Қазақстан Республикасы)

Ақәділ Тұрсынов, «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи мәдени қорық-музейі (Түркістан, Қазақстан Республикасы)

Тарихи ескерткіштерді қорғау инспекторы

«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи мәдени қорық-музейі

(Түркістан, Қазақстан Республикасы)

Жүктеулер

Жарияланды

2024-12-26

Журналдың саны

Бөлім

Археология