ВИЗАНТИЯ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ОРНЫ
31 23
Кілт сөздер:
өркениет, рухани, дерек көзі, Византия, түркі миграциясы, материалдық ескеркіштер, жазбаша ескерткіштер, түркі халықтары.Аңдатпа
Мақалада автор византиялық кезеңіндегі түркі халықтарының орны қандай болды нақтырақ византиялықтардың өмірінің өзгеруіне түркілердің алып келген жетістіктеріне тоқталды. Олардың Византия мемлекетінің құлауына ықпалы немесе халықтардың ассимиляцанған жайлыда нақтырақ көрсетті. Сонымен бірге Византия өзінің бүкіл өмірінде - IV ғасырдан XV ғасырға дейін-шығыстың өркениеттерімен тығыз және алуан түрлі байланыста болды, осы кезең аралығындағы Византиялық атауларда және жазба мәтіндерде түркі халықтарының көрініс табуы жайлы баяндалған. Шығыспен бәсекелестік әртүрлі жолдармен дамыды. Біз Византия, мұсылман, латын және славян тілдері шеңберінің барлық сақталған көздерін жан-жақты зерттеуге тырыстық.
Батыс Византия аймағында грек, латын, Оңтүстік славян, араб және түрік жазба дереккөздері ең маңыздысы ретінде алға тартылған. Ғылымда Византия-түркі өзара әрекеттесуінің біз таңдаған аспектісі жүйелі түрде (зерттелмеген) дамымағанымен, оның толыққанды зерттеуі кең фактографиялық және тұжырымдамалық контекстсіз мүмкін емес. Бұл контекст сөзсіз ескерілді және біздің зерттеу барысына әсер етті деп айтуымызға болады.