ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ТҮРІКШІЛДІК ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҚОЗҒАЛЫС РЕТІНДЕ

89

Авторлар

  • Магрипа Жолсеитова Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті https://orcid.org/0000-0001-7296-2653
  • Мұрат Беркинбоев Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Кілт сөздер:

Жәдидшілдік. Түрікшілдік. Мұсылмандық қозғалыс. «Ресей мұсылмандары одағы». Мұсылман съезі.

Аңдатпа

ХХ ғасырдың бас кезінде түркі-мұсылман халықтары арасында дәстүрлі аграрлық құрлымнан  индустриальды, яғни азаматтық құрылымға көшу белең алды.  Ресейдегі түркі-мұсылман халықтары арасындағы мұндай бәсең алға жылжу оның дәстүршілдікті бекем сақтауға деген талпынушылығымен де байланысты болды. Оның үстіне түркі-мұсылман халықтарының дәстүршілдігі діншілдікпен де астасып жатты. Бұл өз кезегінде олардың ұжымдық психологиясына да әсер етпей қоймады. Қалыптасқан осындай жағдайда түркі-мұсылмандық қоғамда исламдық реформаторлықда пісіп жетіліп, ол  зайырлы сипат ала түсіп, философиялық ой-пікір ағартушылыққа ойыса түсті. Ағартушылықтың өзі еуропалық ағартушылықтың құндылықтарына қарай бағыт ұстанды.Мұсылмандық реформаторлық пен ағартушылық идеяларының синтезі ресейлік түркі-мұсылман халықтары арасында діни-мәдени және қоғамдық-саяси қозғалыстың ерекше бағытын – түрікшілдікті қалыптастырды. Ол түркі тілдес мұсылман халықтарын өз ара жақындастыра түсу смпатында жүрді және онда түркі-мұсылман халықтарының діни мектептерін реформалай отырып зайырлы мектептерін қалыптастыру, сондай-ақ түркі-мұсылман халықтарының тұрмысын еуропалық үлгіге көшіру көзделді.

         Алға қойылған мақсатқа қол жеткізуде түркі-мұсылман халықтарынан жалпыресейлік саяси күреске қатысуды әрі өзіндік саяси элита қалыптастыруды талап етті. Түркі-мұсылман халықтарының саяси элитасы еуропалық білім алған топтан (дворяндардан, интеллигенциядан) қалыптасты. Сонымен қатар бұл элитаның құрамынадін өкілдері де тартылды. Түркі-мұсылмандық саяси элитаның құрамында билікке оппозициялық көзқарастағы өкілдер болды. Олардың билікке деген мұндай көзқарасы діни дүниетагымына да байланысты болды. Ұлттық элита бастаған түрікшілдік қозғалыс ресейлік билікке оппозицияда тұрғанымен орыс қоғамының алдыңғы қатарлы демократиялық өкілдерімен ымырада болып, либералды ресейлік қауыммен бір сапта тұрды. Либералды күштнрмен бірге тізе қоса отырып, түрікшіл интеллигенция жеке партия құруға және ресейлік парламентте жеке фракция құруға тырысты. Түрікшілдердің оппозициялық ұстанымы көп жағдайда  православиялық мемлекеттің діни және ұлттық саясатынан туындады.

Автор өмірбаяндары

Магрипа Жолсеитова, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

тарих ғылымдарының кандидаты, доцент,  

Қожа Ахмет  Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің доценті (Қазақстан, Түркістан қ.)

Мұрат Беркинбоев, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Қожа Ахмет  Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің магистранты

(Қазақстан, Түркістан қ.)

Жарияланды

2024-12-26

Журналдың саны

Бөлім

Тарих