АРХЕОЛОГИЯ ӘУЕСҚОЙЛАРЫ ТҮРКІСТАН ҮЙІРМЕСІНІҢ ПЕРОВСК УЕЗДІНДЕ АТҚАРҒАН ҚЫЗМЕТІ

85 27

Авторлар

Кілт сөздер:

үйірме, Түркістан, археология, ескерткіш, Перовск, оба, петроглиф, қалашық.

Аңдатпа

1895 жылдың 11 желтоқсанында Ташкент қаласында құрылған Археология әуесқойларының Түркістан үйірмесі - археология саласындағы жергілікті қоғамдық өлкетану ұйымы болып табылды. Үйірме жиырма жылдан астам уақыт Орталық Азияның материалдық мәдениет, тарихи-мәдени мұра нысандарда ізденіс жұмыстарын жүргізіп, оның ішінде археологиялық ескерткіштерінің зерттелуіне сүбелі үлес қосқан.

Перовск уезді Археология әуесқойлары Түркістан үйірмеcінің кең көлемде зерттеу жүргізген аудандарының бірі. Перовск уезді Сырдария облысының солтүстік-батыс, батыс бөлігінде орналасқан. Қазіргі Қызылорда облысы жерін алып жатқан.

Мақалада В.А. Каллаур, И.Т. Пославский, Е.Т. Смирнов және т.б. үйірме мүшелері Перовск уезінде атқарған ізденіс жұмыстарын қарастырылады. Олар ХІХ ғ. соңы – ХХ ғ. басы аралығында Перовск уезінде кең көлемді зерттеу жұмыстарын жүргізіп, осы уезде орналасқан ескерткіштердің сипаттамасын, орналасқан жерін және оларға байланысты аңыздарды жинақтап, құнды деректер қалдырды. Олардың баяндамалары үйірме «хаттамаларында» орын алды.

Автор өмірбаяны

Мэлс Бахтыбаев, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

PhD доктор, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Археология ғылыми-зерттеу институты 

(Қазақстан, Түркістан қ.)

Жүктеулер

Жарияланды

2024-12-26

Журналдың саны

Бөлім

Археология